Мәдениет

Димаш Құдайберген Ресейге ұшып кетті

© Photo : dimashinfo.comДимаш Құдайберен
Димаш Құдайберен  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әнші "Муз-ТВ жүлдесінің" арнайы қонағы болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Әнші Димаш Құдайберен музыкалық жүлде тапсыру салтанатына қатысу үшін Ресейге ұшып кетті.   

"Ресейге ұшқалы жатырмыз. Ертең "Муз-ТВ жүлдесінде" көріскенше", - деп жазды ол Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Вылетаем в Россию.Увидимся завтра на премии Муз тв.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Димаш ертең, 7 маусымда "Муз-ТВ жүлдесінің" арнайы қонағы болады.

Тағы оқыңыз: Димаш Ақтөбенің 150 жылдығы құрметіне медальмен марапатталды

Естеріңізге сала кетейік, 22-23 наурызда Димаш Құдайберген Кремль сарайында алғашқы жеке концертін берді. Жас әншінің Мәскеудегі концертін әлемнің 56 елінен келген көрермендер тамашалады. Сондай-ақ қазақстандық және ресейлік танымал тұлғалар Димашқа қолдау көрсету үшін ән кешіне арнайы барған. Кеш қонақтары арасында РФ үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевтің әйелі Светлана Медведева болып, қазақ әншісіне өз қолымен гүл сыйлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

See you in ARNAU

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

 Димаштың Arnau деп аталатын елордадағы жеке концерті 29 маусымда "Астана-Арена" стадионында өтеді. 27 мамыр күні шоу-бағдарламаға барлық билет сатылып кеткені белгілі болды.  

Жаңалықтар
0