Мәдениет

"Форсаж" фильмінің эпизоды Қазақстанда түсірілуі мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневЖол айрығы
Жол айрығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Universal Pictures компаниясының өкілдері Нұр-Сұлтанда "Форсажды" түсіруге қолайлы жерді іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Америкалық "Форсаж" фильмінің бір эпизоды Қазақстанда түсірілуі мүмкін. Бұл туралы "Ғаламдық саясат бастамалары" шетелдік компаниясының президенті Джей Футлик айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Форсаж" фильмінің эпизодын түсіріп-түсірмеуді продюсерлер өздері шешеді. Олар сценарийге сай келетін жерді таңдауы қажет. Олар оң шешім қабылдайды деген үміттемін. Егер олай болмаған жағдайда басқа жобалар жүзеге асырылады", - деді ол Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінде өткен брифингте.

Ал ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Андрей Хазбулатов "Форсаж" фильмінің эпизоды Нұр-Сұлтанда түсірілуі мүмкін екенін айтып қалды.

"Оларды көлік жарысы өтетін эпизод қызықтырып отыр. Онда автокөлік аударылады. Бірақ мұнда толық түсірілім өтпейді. Қазір мұны талқылап жатырмыз. Келісімшартқа қол қойылған жоқ. Тек келіссөздер жүргізілуде", - деді Хазбулатов брифингтен соң журналистерге.

Жаңалықтар
0