Қазақ қызы

Шетелдегі қазақ балаларының арасында "Ұлы Дала Елі" байқауы өтті

42
Байқау аясында оқушылар "Мен қазақпын!", "Қазақстан, менің жерім, туған өлкем!", "Отанмен рухани байланыс тілі", "Дәстүр – рухани өмірдің негізі" деген тақырыптарға шығарма жазды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Шетелде тұратын қазақ диаспорасы оқушыларының арасында "Ұлы Дала Елі" әдеби жұмыстардың халықаралық шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Конкурсты "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырды.

"Халықаралық шығармашылық байқауға жұмыстар 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 мамырға дейін қабылданды. 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 10 маусымға дейін қазылар алқасы жұмыстарды сараптап, қорытынды шығарды. Конкурста "Мен қазақпын!", "Қазақстан, менің жерім, туған өлкем!", "Отанмен рухани байланыс тілі", "Дәстүр – рухани өмірдің негізі" деген тақырыптар қамтылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

"Ұлы Дала Елі" байқауына қабылданған барлық 34 жұмысты комиссия мүшелері 10 балдық жүйемен бағалаған. Ең басты бағалау критерийлері – жұмыстың тақырыбы мен негізгі идеясына сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы және өз ойын жеткізу тәсілі.

Тағы оқыңыз: Жас кәсіпкер Нью-Йорктегі қазақтардың бір-бірімен араласпайтынына қынжылды

"Жалпы жұмыстардың барлығы да тақырыпқа сай жазылған, балалар негізгі идеяны ашуға тырысқан. Эссеге қойылатын талаптардың бәрін сақтай отырып, өзіндік ой-тұжырымдарын ерекше тәсілмен бере білген оқушылар да бар. Әсіресе, 13-15 жастағы балалар арасында Солтанов Райхат, Асылбашева Камиля, Байтулла Батанұлы, Сулейменов Масалим сияқты жас таланттардың, 16-18 жастағы оқушылар арасында Еркінбек Ақтоты, Аменова Алима, Бектұр Абдулхаким, Хасти Абдоләзиз сынды жасөспірімдердің еңбектерін ерекше атап өткіміз келеді", - дейді қазылар алқасының мүшесі Айнұр Амангелдіқызы.

Комиссия шешімі бойынша байқауға қатысқан 13-15 жастағы балалар мен 16-18 жастағы жасөспірімдердің жұмыстары бөлек бағаланып, жеңімпаздар анықталды.

13-15 жастағы балалар арасында:

  • 1-орын – Солтанов Райхат
  • 2-орын – Асылбашева Камиля
  • 3-орын – Байтулла Батанұлы
  • 4-орын – Сулейменов Масалим

16-18 жастағы балалар арасында:

  • 1-орын – Еркінбек Ақтоты
  • 2-орын – Хасти Абдоләзиз
  • 3-орын – Аменова Алима
  • 4-орын – Бектұр Абдулхаким

Жеңіске жеткен 8 қатысушының ішінде 4 үздік жұмыстың авторлары Солтанов Райхат (Ресей), Асылбашева Камиля (Швеция), Еркінбек Ақтоты (Моңғолия), Хасти Абдоләзиз (Иран) атамекені Қазақстанға жолдама жеңіп алды.

Астана күні аясында байқау жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласын аралап, Бурабайда бес күн демалады.

Тағы оқыңыз: Шетелдегі қазақтарды қолдауға қанша қаржы бөлінеді

Елордада Ұлттық музейге, "Бәйтерек" монументіне, Бейбітшілік және келісім сарайына, Хазірет-Сұлтан мешітіне, "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешеніне, EXPO-2017 кешеніне, "Думан" океанариумына, сондай-ақ "Ailand" шолу дөңгелегіне барады.

42
Кілт сөздер:
байқау, балалар, шетелдегі қазақтар
Тақырып бойынша
"Біздің отбасыда тәртіп басқаша" Америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызының әңгімесі
Канадада тұрып жатқан қазақ: Қазақстанды Назарбаевсыз елестете алмаймын
"Бір мәселеміз бар еді, оны да Мирзиеев шешіп берді": Өзбекстандағы қазақтардың өмірі
"Төмендету бар сияқты": атамекеніне алғаш рет келген Өзбекстан қазағының әңгімесі
Загрузка...