Димаш Құдайберген

Жаңа ән: Димаш Еуропа ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті - видео

9334
(Жаңартылды 10:32 22.06.2019)
Еуропа ойындарының ашылу салтанаты Беларусь астанасы Минскіде өтті

НҰР-СҰЛТАН,  22 маусым - Sputnik. Димаш Құдайдерген Беларусь елінде II Еуропа ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті.

Еуропа ойындарының ашылу рәсімінде Димаш Құдайберген жаңа әнін ұсынды - Ogni Pietra (Olympic). Жаңа туындыны композитор Игорь Крутой жазған, сөзінің авторы - Лилия Виноградова.

Димаш ән шырқап жатқан кезде "Динамо" стадионына Еуропа олимпиада комитеттерінің туы шығарылды.

Димаштың ерекше образын атап өтпеуге болмайды. Ол қазақтың туы бейнеленген көк түсті киім киіп шыққан.

Еуропа ойындарының ашылу салтанатын 25 мың көрермен тамашалады. Құрметті қонақтардың ішінде көптеген елдің мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері бар.

II Еуропа ойындары Минскіде 30 маусымға дейін өтеді. Байрақты бәсекеде спорттың 15 түрінен медаль сарапқа салынады. Қазақстан жарысқа қатысып жатқан жоқ.

9334
Кілт сөздер:
видео, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Ақтөбе жұртшылығы Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетті
Димаш Құдайберген мен Ержан Максим Мәскеуде қызыл кілеммен жүріп өтті
"Айды аспаннан бір-ақ шығар": тыңдармандары Димаш Құдайбергенге қолдау білдірді
"Өзіме тән талғамым бар" Димаш қандай қыздар ұнайтынын ашық айтты
Нұрлан Өнербаев Димаш туралы ойын ашық айтты
Загрузка...