Логотип Sputnik

Sputnik Қазақстан театр жобасы үшін құрмет дипломын алды

49
(Жаңартылды 21:12 25.06.2019)
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында журналистерді Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады

АЛМАТЫ, 25 маусым — Sputnik. Сейсенбі, 25 маусымда Алматыда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

Кездесу барысында университет ректоры Асхат Маемиров мәдениет және өнер жайында жазатын жетекші журналистерге құрмет дипломдарын табыстады. Sputnik Қазақстан  шығармашылық ұжымына "Қазақстан театрлары" жобасы үшін диплом берілді.

Награждение представителей СМИ (от Sputnik Анна Платонова)
© Sputnik / Тимур Батыршин
БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы (Sputnik-тен Анна Платонова)

"Сіздер Қазақстанның театр өнерін дамытуға бағытталған ерекше жобаны жүзеге асырып жатырсыздар. Еңбектеріңізге алғыс айтамыз", - деген Маемиров Sputnik Қазақстан тілшісіне награданы тапсырды.

Благодарственное письмо за театральный проект Sputnik
© Sputnik / Тимур Батыршин
Sputnik театр жобасы үшін алғыс хат

Іс-шара аясында ынтымақтастықты нығайту мақсатында университет пен журналистер арасында меморандумға қол қойылды.

  • БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы
    БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы
    БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы
    БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы
    БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы
    © Sputnik / Тимур Батыршин
1 / 4
© Sputnik / Тимур Батыршин
БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы

"Қазақстан театрлары" жобасы Қазақстандағы жастар жылы мен Ресейдегі театр жылына арналды. Оның тұсаукесері 27 наурызда Халықаралық театр күнінде өтті. Sputnik Қазақстан тілшілері жоба аясында өмірін театр өнеріне арнаған жастар – актерлер, гримерлер, сценарий жазушылар, режиссерлер және сахна қызметкерлері жайлы әңгімелейді.

Жобаның басты мақсаты – оқырмандарды республикамыздағы әрбір театрмен интерактивті түрде таныстыру.  Пайдалануға ыңғайлы болу үшін театрлардың интерактивті гид-картасы жасалды, оның көмегімен елдегі 63 театрдың тарихын біле аласыз.

49
Кілт сөздер:
журналистика, диплом, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (80)
Тақырып бойынша
Қаллеки театрының директоры актерлердің жалақысы қанша екенін айтты
Қазақстан театрлары - интерактивті карта
Семейдегі "Дариға-ай" жастар театры
Қостанай облыстық қуыршақ театры
Театрлар бойынша интерактивті гид: Sputnik Қазақстан бірегей жоба іске қосты
Әнші Димаш Құдайберген мен актер Джеки Чан

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады

572
"Авангард" деп аталатын фильмнің премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады.

"Жақын күндері Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Авангард: Арктикалық қасқырлар" премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.

Оқи отырыңыз: "Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Фильмде "Авангард" тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.

572
Кілт сөздер:
жаңа фильм, Джеки Чан, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

61
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

61
Қолдағы ақша, архивтегі сурет

Шымкентте төрт адам 40 миллион теңгемен ұсталды видео

0
(Жаңартылды 11:27 28.09.2020)
Олар алдын-ала сөз байласып, іс жүзінде орындамаған жұмыстар мен тиелмеген тауарлар бойынша жалған шот-фактура жазумен айналысқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында жалған шот-фактуралармен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, комитеттің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында бір топ адамның алдын-ала сөз байласып, іс жүзінде орындамаған жұмыстар мен тиелмеген тауарлар бойынша аса ірі көлемде сомаға жалған шот-фактура жазумен айналысқанын анықтады.

"Атап айтқанда, 4 азамат алдын-ала сөз байласып 615 миллион теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 миллион теңге, яғни жалпы соманың 6,5% сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды", – дейді тергеушілер.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 216 бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Осыған орай, оларға үш жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

0
Кілт сөздер:
жалған құжат, қылмыстық топ
Тақырып бойынша
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Түркістан облысында пара беріп баспаналы болғандар үйді босатуға мәжбүр
Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған – видео
Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды: қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды