Сергей Гармаш елшіліктегі қабылдауда сөз сөйлеп тұр

"Современник" театры Нұр-Сұлтанға жыл да келуі мүмкін

70
(Жаңартылды 12:00 06.07.2019)
Режиссер Галина Волчектің "Вишневый сад" спектаклін астаналықтар 6-7 шілдеде тамашалай алады

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше әрі өкілетті елшісі Алексей Бородавкин "Современник" театрының Нұр-Сұлтан қаласына гастрольдік сапары дәстүрге айналады деп үміттенеді.

"Спектакльдеріңізді мұнда асыға күтіп, қуана қабылдайды. Ынтымақтастығымыз бен гастрольдік сапарларыңыз ортақ мәдени өмірімізде бір-ақ рет өтетін елеулі оқиға емес, әрі қарай жалғасын табады деп үміттенемін. Нұр-Сұлтан сахнасында сіздерді жыл сайын көргім келеді", - деді Бородавкин "Современник" театры ұжымын Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде салтанатты қабылдау кезінде.

Ресейдің халық әртісі Сергей Гармаш та елшінің сөзін қолдап, "Современник" Қазақстан астанасымен қоштаспайды, "кездескенше" дейді" деп гастрольдік сапармен тағы келуге ниетін білдірді.

Торжественный прием артистов театра Современник в посольстве России в Казахстане
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ресейдің халық әртісі Сергей Гармаш елшіліктегі қабылдауда

"Ресейдің Қазақстандағы ынтымақтастық өкілдерімен, Алексей Николаевичпен гастрольдік сапарды дәстүрге айналдыру туралы сөйлестік. Солай болады деп ойлаймын. Сондықтан "Вишневый сад" спектаклінен кейін сіздермен қоштаспаймыз. Келесі жылды күтеміз", - деді ол.

Торжественный прием артистов театра Современник в посольстве России в Казахстане
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде "Современник" театры ұжымын қабылдау

"Современник" театрының Нұр-Сұлтан қаласына гастрольдерін Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ресейдің Қазақстандағы елшілігі, Ресейдің мәдениет және ғылым орталығы ұйымдастырды. Ал астаналықтар үшін репертуарды Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов таңдаған болатын.

"Вишневый сад" – "Современниктің" інжу-маржаны

Астана күніне орай "Современник" театры Қазақстан астанасына "Горе от ума" және "Вишневый сад" қойылымдарын алып келді. Қазақстандық көрермендерге Антон Чеховтың "Вишневый сад" пьесасын 6-7 шілдеде тамашалай алады.

"Вишневый сад" – классикалық қойылым. Психологиялық театр қағидаларын сақтаған. "Современник" бұған адал", - деп Ресейдің халық әртісі Ольга Дроздова (Шарлотта Ивановна рөлін сомдайды) Sputnik Қазақстанмен пікірін бөлісті.

Осы аптада "Современник" елордалықтар назарына Римас Туминастың "Горе от ума" спектаклін ұсынған еді.

Торжественный прием артистов театра Современник в посольстве России в Казахстане
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Современник" театры ұжымы Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде

Театр және жастар

2019 жыл Ресейде Театр жылы, ал Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланды. Сол себепті қазір шығармашылық тәжірибе алмасу өте қарқынды жүріп жатыр, деді Горький атындағы орыс драма театрының директоры Еркін Қасенов.

Ольга Дроздова "Современниктің" қойылымдарына жастар көп жиналатынын айтты.

Народная артистка России Ольга Дроздова. Торжественный прием артистов театра Современник в посольстве России в Казахстане
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ресейдің халық әртісі Ольга Дроздова

"Жастардың "Три сестры" спектаклінен соң жанары жасқа толып кетіп бара жатқанын көремін. Бұл - нағыз жастардың өмірі. Махаббат, қызғаныш, жас кездегі жалғыздық. Бұл оларға жақсы таныс, қатты әсер қалдырады", - дейді ол.

Торжественный прием артистов театра Современник в посольстве России в Казахстане
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Современник" театры ұжымын елшілікте қабылдау

Еске сала кетсек, Sputnik Қазақстан Қазақстандағы Жастар жылы мен Ресейдегі Театр жылына орай "Театр және жастар" мультимедиялық жобасын қолға алған еді. Жоба аясында Sputnik Қазақстан өзін театр өнеріне арнаған жастар туралы айтады – актерлер, гримерлер, сценаристер, режиссерлер және тағы басқалары.

Сонымен бірге Қазақстанның 63 театрының тарихынан мағлұмат беретін арнайы интерактивті карта әзірленді.

Осы материалды Sputnik Қазақстанның орысша нұсқасынан да оқи аласыз.

70
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Қазақстан театрлары (75)
Загрузка...