Димаш Құдайберген

Димаш Тоқаевтан эстафета қабылдады - видео

2312
(Жаңартылды 08:30 11.07.2019)
Димаш Құдайберген Абайдың өлеңін мәнерлеп оқыды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды.

Әнші бұл туралы Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлап, видеосын жүктеген.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым", - деп жазады Димаш.

Қазақ әншісі Абай Құнанбайұлының "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

"Абай атамыздың өнерін дәріптеу жүрегі қазақ деп соғатын әрбір азаматтың міндеті деп білемін", - деп атап өтті Димаш.

Тағы оқыңыз: Димаш өзін айнытпай салған қызды іздеп жүр - видео

Ол өзінен кейінгі эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалинге, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутойға және өзінің әлемдегі барлық тыңдарманына жолдады.

Абай өлеңдері эстафетасы

Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақтан Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын қабылдаған еді. Мемлекет басшысы ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқыды.

Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

Айта кетсек, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов эстафетаны қабылдап "Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап" өлеңін оқыды.

2312
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш 25 жасқа толды: нумеролог әншіні не күтіп тұрғанын айтты
"Дуэт айтамыз деп едік": Димаш қаза болған досы Денис Тенге ән арнады  
"Өзімді өте бақытты жан санаймын": Димаш өміріндегі қызықты сәттері туралы әңгімеледі
Жаңа ән: Димаш Еуропа ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті - видео
Домбыра, архивтегі сурет

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра тартты видео

234
(Жаңартылды 14:29 05.07.2020)
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбырамен қазақтың күйлерін тартып, мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбыра тартып үйренді. Ол дипломаттар халық аспабын жақсы көретінін және бағалайтынын атап өтті.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ұжымы атынан сіздерді тек Қазақстанда ғана бар бірегей мереке – Домбыра күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сырт көзге қарапайым көрінген музыкалық аспаптың киелі үнінде қазақ халқының рухы мен сан ғасырлық даналығы жатыр", - деді Суворов.

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра шертуді бір жыл ішінде үйреніп алған. Музыкалық аспап Ресей мен Қазақстан халықтарын етене байланыстырады, деп атап өтті ол.

"Біз, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің дипломаттары домбырада ойнағанды жақсы көреміз. Орыс халық әуендері мен қазақтың күйлері домбыра үнімен қалай үйлесетінін тыңдап көріңіздер", - деді ол.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

234
Кілт сөздер:
Ресей елшілігі, домбыра күні
Тақырып бойынша
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұлттық домбыра күні

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

167
Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.  

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.

"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев. 

Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер

Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

167
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, домбыра күні
Жерлеу рәсімі, архивтегі фото

"Жерлеу құны 500 мың теңге": Қарағанды облысының әкімі жағдайды түсіндірді  

23
(Жаңартылды 18:09 07.07.2020)
Қазір адамның неден қайтыс болғанына қарамастан, жерлеу қызметіне кететін шығынның нарықтағы бағасы – 150 мың теңге. Желіде тараған ақпарат расталған жоқ

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында қайтыс болған адамды жерлеуге кететін шығын 150 мың теңгеден қымбат болмайды. Бұл жайында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Желіде жерлеу қызметінің құны 500 мың теңге болып жатыр деген ақпарат тарады. Қазір адамның неден қайтыс болғанына қарамастан, жерлеу қызметіне кететін шығынның нарықтағы бағасы – 150 мың теңге. Желіде бұл ақпарат тараған соң оны тексеруді бастадық. Қарағандыдағы мәйітханада жатқан денені жерлеу үшін 500 мың теңге сұрады деген ақпарат расталған жоқ", - деді Қасымбек.

Сонымен қатар облыстағы әкімдіктер жерлеу шараларын өткізетін қызметкерлермен сөйлесіп, бір келісімге келген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгерді 

"Егер марқұмды облыстың басқа жеріне жеткізу қажет болса, жалпы бағасы 200 мың теңгеден жоғары болмайды. Біз осылай келістік. Егер осы бағадан қымбат баға ұсынатын болса, әкімдік бақылауына алады", - деп түсіндірді өңір басшысы.

23
Кілт сөздер:
коронавирус, Қарағанды облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Қоңыраулар саны азайды" – Алтай Көлгінов карантиннің пайдасы туралы
Министр Цой: тағы 110 адамның өлімін зерделеп жатырмыз
Бурабай жағажайлары карантинге жабылды
Қызылордада 80 млн теңгеге оттегі баллондарын шығаратын цех салынады
Министр коронавирустан емделетіндердің басты қателігін атады
Сқақов 22 мың теңге тұратын қорғаныс киіміне қатысты пікір білдірді