Мәдениет

Димаш Қытайда Джеки Чан фильмдері апталығының қонағы болады  

Жазылу
Димаш Құдайберген мен Джеки Чан Қытайдағы I am Singer байқауы кезінде танысқан

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген V жылсайынғы Джеки Чан фильмдері апталығының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы әртістің өзі Instagram-да хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Джеки Чан фильмдері апталығы 21-27 шілде аралығында Шаньси провинциясының Датун қаласында өтеді. Мұнда қытайлық та, шетелдік те боевиктер көрсетіледі, сондай-ақ экшн-фильм саласындағы марапаттар тапсырылады.  

Джек Чан туралы не білеміз 

Джеки Чан 1954 жылдың 7 сәуірінде Гонконгта туған. Қытай мен Американың жүзден астам фильмінде басты рөлді сомдады. Каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, жауынгерлік сахналарды қоюшы. Кино өнеріне үлес қосқаны үшін "Оскар" жүлдесімен марапатталды. Жауынгерлік өнер мен кинодан бөлек ән жазады.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jackie Chan 成龍 (@jackiechan)

Джеки Чан, Димаш пен Қазақстанды не байланыстырады

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Джеки Чанмен қытайдың I am Singer шоуында танысты. Кездесуде Димаш танымал қытай актерінің иығына шапан жапты.

2017 жылы Джеки Чан елордадағы қытай киносы апталығын ашты.

Жаңалықтар
0