Димаш Құдайберген

Димаш желідегі жазбасымен фанаттарының көңіліне түрлі ой салды

1176
Димаштың фанаттары әншінің нені меңзегеніне әр түрлі болжам жасап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде жазған постымен тыңдармандарын қызықтырып қойды.

"Жуырда бәрін білетін болсыздар", - деп жазды ол ағылшын тілінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Бұл постқа пікір қалдырған Димаштың фанаттары әншінің нені меңзегеніне әр түрлі болжам жасап жатыр.

"Бәлкім, Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында 4-5 қазандағы GGG мен Деревянченко жекпе-жегінде ән айтатын шығар?" – дейді тыңдармандардың бірі.

Тағы оқыңыз: Димаш тыңдармандарын сүйінші жаңалығымен қуантты

Ал басқа табынушылары "АҚШ-та концерт беретін шығар", "Бочелимен дуэт болады", тіпті "Үйленбекші шығар" деген пайымдаулар жазды.

Айта кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген қытайлық Go, Go Squid сериалына саундтрек шыққанын хабарлап, Couldn't Leave әнінің видеосымен бөліскен еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

1176
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Загрузка...