Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Абайдың 175 жылдығы қалай тойланады министрдің жауабы

956
(Жаңартылды 16:33 15.08.2019)
Жоспарға сәйкес республика бойынша 100-ге жуық шара ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз — Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы 2020 жылы жоғары деңгейде мерекелетінін атап өтті. Министр бүгінде Абайдың өлеңдерін оқу чэлленджі жүріп жатқанын, оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да қатысқанын жеткізді. Оның пікірінше, бұл маңызды шараны жоғары деңгейде атап өту керек.

Тағы оқыңыз: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер 

"Бүгінде Қазақстан үкіметі, мәдениет және спорт министрлігі және қоғам бұл маңызды күнге дайындалып жатыр. Абайдың 175 жылдығы атап өту жөнінде жоспар дайындалып, мемлекеттік комиссия құрылды. Оған премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова төрағалық етеді. Бірінші комиссияның отырысы өтті", - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Ведомство басшысы комиссия құрамына мемлекет және қоғам қайраткелері, депутаттар, әдебиетті және Абай өлеңдерінің терең мағынасын түсінетін азаматтар кіргенін хабарлады.

"Жоспарға республика бойынша 100-ге жуық шара кірді. Кітаптар шығарылып, спектакль қойылады және жастардың қатысуымен де шаралар ұйымдастырылады", - деді министр.

Ақтоты Райымқұлова Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу үшін бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні алдағы уақытта белгілі болатынын жеткізді.

"Қаржыландыру мәселесі қаралып жатыр. Оны талқылаудамыз. Мен сізге нақты санды айта алмаймын. Жоспарды талқылап жатырмыз. Яғни бюджеттің және демеушінің, қоғамдық ұйымдардың, жергілікті атқарушы биліктің мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бұл керемет шараны абыроймен өткізу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз", - деп түйіндеді сөзін министр.

Айта кетейік, 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойып, үкіметке бірқатар тапсырма берген.

Ол бойынша қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы аталып өтеді. Мерейтойдың жоспары биыл 1 қазанға дейін бекітілуі тиіс.

956
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, Абай
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (30)
Тақырып бойынша
Путиннің арнайы өкілі Абайдың өлеңін оқыды – видео
Көшербаев Абайдың 42-ші қара сөзін оқып, эстафетаны жас спортшыға жолдады – видео
Тоқаевқа өлең оқытқан 9 жасар қыз өмірі қалай өзгергенін айтты
Абай жазған заң: Ғалымдар "Қарамола жарғысының" түпнұсқасын тапты
Тасмағамбетов Абайдың шығармасынан үзінді оқу эстафетасына қатысты - видео
Абай өлеңін оқып тұрып, шаш қиған Алматы тұрғыны танымал болып шыға келді
Загрузка...