Мәдениет

Белгілі қазақстандық әншінің суреті жанкүйерлерін дүрліктірді

© Photo : Предоставлено ООО «Сириус концерт»Зритель в концертном зале
Зритель в концертном зале - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде жарияланған фото қызу пікірталас туғызды

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Әлемге танылған әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері желіде жарияланған суретті қызу талқылап жатыр. Кейбір адамдар фотода Димаштың темекі ұстап тұрғанын жазады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от #Рада"Kuanysh Anesovna (@rada_satp.dear)

Фотоны өзінің парақшасында әншінің жанкүйерінің бірі жариялаған.

"Бұл киіз үйдің ішіндегі сурет, "деарс" бір нәрсені байқадыңыздар ма әлде маған ғана солай көрінді ме?", - деп жазды rada_satp.dear.

Деарс (Dears) – Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына тәнті жандар өздерін осылай атайды.

Біраз уақыттан соң Димаштың өзге жанкүйерлері әнші қорғап, қыздың болжамын жоққа шығара бастады.

Тағы оқыңыз: Нұрлан Өнербаев Димаш туралы ойын ашық айтты

Болмайтын нәрсені ойлап таптыңыз, ешқандай темекі жоқ. Димаш салауатты өмір салтын ұстанады. Оның үстіне бәрінің көзінше киіз үйде темекімен суретке түспейтін еді", -деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Жаңалықтар
0