Екінші дүниежүзілік соғыс қалай басталды - Нұр-Сұлтанда көрме өтеді

38
Көрмеге келушілер адамзат тарихындағы ең қантөгісті қақтығыстың қалай басталғанынан сыр шертетін құжаттар және фотосуреттермен танысады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз — Sputnik. "1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы" атты тарихи-деректі көрме Нұр-Сұлтандағы ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығында (Республика даңғылы, 2) 4 қыркүйек күні сағат 16.00-де басталады, деп хабарлайды Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының баспасөз қызметі.

Шараны Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігі мен Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы бірге ұйымдастырған.

"Жаһандық қақтығысқа әкеп соққан оқиғалар, соғыс алдында КСРО-ның қатысуымен Гитлерге қарсы ірі одақ құрудағы сәтсіздіктің себептері, сондай-ақ 1930 жылдардың соңында қалыптасқан халықаралық аренадағы қауіпті жағдайда кеңес басшылығының іс-әрекетінің қисыны туралы  баяндайтын архив құжаттар мен фотосуреттер түпнұсқасының көшірмесі халық назарына ұсынылады", - деп мәлімет берді РҒМО.

Тағы оқыңыз: Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар

Көрме 1938 жылдың 29 қыркүйегіндегі Мюнхен келісімінен бастап 1939 жылдың жазындағы әлемдік саяси дағдарыстың тереңдеуі және 1939 жылдың 1 қыркүйегінде Германияның Польшаға шабуылдауына дейінгі кезеңді қамтиды.

Выставка 1939 год. Начало Второй мировой войны
РЦНК
"1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы" атты тарихи-деректі көрме

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропадағы күштердің қалай бөлінгендігін айқындаған Англия, Франция және КСРО арасындағы 1939 жылғы келіссөздерге ерекше назар аударылған. КСРО-мен тең әскери-саяси одақ құруға қатысты Ұлыбритания мен Франция тарапынан болған саботаж, сондай-ақ КСРО-ның нацистік агрессияға қарсы бірлескен әскери іс-қимыл туралы ұсынысынан Польшаның бас тартуы туралы айтылады.

Көрме 2019 жылы қыркүйектің 4-інен 30-ына дейін өтеді. Кіру тегін. 

38
Кілт сөздер:
Ресей, көрме, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Путин "Үшінші дүниежүзілік соғыс бола ма?" деген сұраққа жауап берді
"Айыбым – тірі қалғаным" "Түнгі мыстан" атанған Хиуаз Доспанова туралы не білеміз?
9 мамыр: Ұлы Отан соғысында Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
Загрузка...