Мәдениет

"Бұл - сенсация": тыңдарман Димаштың жаңа әніне тәнті болды – видео

© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өтуПевец Димаш Куйдайберген на открытии конкурса "Новая волна - 2019" в Сочи
Певец Димаш Куйдайберген на открытии конкурса Новая волна - 2019 в Сочи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш "Новая волна" халықаралық байқауында тыңдарманға жаңа әнін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Желіде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа ән жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа шығарманың атауы – "Passione". Ән итальян тілінде жазылған. Димаш Құдайберген оны "Новая волна" халықаралық байқауында орындады. Әншіні ресейдің танымал композиторы Игорь Крутой және Сочи қаласының жастар хоры сүйемелдеп отырды.

"Үлкен рақмет! Қадірлі достар, шынымды айтсам, өздеріңіз сияқты тыңдарманның алдына шығып, ән айтқан сайын тамаша сезімге бөленемін. Қазақстанға келіңіздер! Маэстро Игорь Яковлевич, сізге үлкен рақмет! Барлық "dears"-тарға рақмет! Мен сіздерді жақсы көремін!", - деді Құдайберген.

Ал желіде жаңа әнді тыңдағандар әншінің даусына тәнті болғанын айтады.

"Бұл-сенсация. Бар өмірім көз алдымнан қайта өткендей болды. Тұншығып, мұхиттан шығып, терең дем алғандай боласың", - деп жазған тыңдарманның бірі.

Тағы оқыңыз: Нұрлан Өнербаев Димаш туралы ойын ашық айтты

Айта кетейік, бұған дейін композитор Игорь Крутой "Новая волна" конкурсында Димаш Құдайберген жаңа ән орындайтынын хабарлаған болатын.

Жаңалықтар
0