Әнші Димаш Құдайберген

Тұрсынов Димаштың жетістігіне ортақтасатын шенеуніктерді сынап тастады

1451
Кинорежиссердің пікірінше, таланттар өз Отанында мойындалмайды, сондықтан шет елдерде өнер көрсетіп, дәлелдеуге мәжбүр

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Танымал кинорежиссер Ермек Тұрсынов өз күшімен биіктерді бағындырған таланттардың жетістігіне ортақтасатын мәдениет министрлігіне сын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде біздің мәдени жетістіктеріміз кездейсоқ және бір реттік сипатқа ие. Егер Димаш жеңіске жетсе немесе Ержан Максим байқауда топ жарса, мәдениет министрлігінің шенеуніктері соған ортақтасып, мұны өздерінің жетістігі етіп көрсетеді. Шын мәнінде, бұл Димаштың немесе, мысалы, менің досым Тимур Бекмамбетовтің жетістігі", - дейді Тұрсынов ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, таланттар өз Отанында мойындалмайды, сондықтан шет елдерде өнер көрсетіп, дәлелдеуге мәжбүр.

"Біздің отандық қызметкерлер сол кезде ғана қозғала бастайды. Бұлай болмауы керек. Таланттарға қолдау көрсету қалыпты дүниеге айналуы тиіс", - деп санайды Тұрсынов.

Ұлттық кеңес мүшесі ауыл жастарына жағдай жасау керектігіне назар аударды.

"Қазір елімізде тек екі орталық – Нұр-Сұлтан және Алматы ғана бар. Ал басқалары қайда қалды сонда? Бұрын әр ауылдың өзінің клубы, кітапханасы болатын. Шалғай ауылдың тұрғыны іріктеуден өтіп, үлкен сахнаға жолдама алатын. Ал қазір мұндай атымен жоқ. Әр ауылда, әр ауданда өзінің Димашы, Максимі бар. Қазақ өте талантты халық. Тек оларға жағдай жасалмайды. Жасөспірімдер арасында суицидтің артуы, өңірлердегі шиеленіс, қоғамдағы наразылық осыдан туып отыр", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Димаш орысша қойылған сұраққа қазақша жауап берді

Режиссердің пікірінше, мәдениетке деген қарым-қатынасты түп-тамырымен өзгерту қажет.

"Бізде әлі күнге дейін әдебиеттен бірде-бір Нобель лауреаты, Пулитцер сыйлығының лауреаты, әлемдік деңгейдегі ойшыл жоқ. Мүмкін олар бар да шығар, бірақ оларды әлем танымайды", - дейді Тұрсынов.

Осы орайда режиссер мәдениет министрлігінің жанынан мәдени саясат жөніндегі кеңес құруды ұсынды. Ол консультативтік органға айналып, қадағалау функциясын жүзеге асыруы тиіс.

"Мәдениет министрлігі маңызды ведомстволардың біріне айналуы керек. Оны спорттан ажырату керек", - деген пікір айтты кеңес мүшесі.

1451
Кілт сөздер:
Мәдениет және спорт министрлігі, Димаш Құдайберген, Ермек Тұрсынов
Тақырып бойынша
"Тосын сый болады": Еуразия кинофестиваліне Голливуд жұлдызы келеді
"Қазақпен қазақша сөйлесетін уақыт келді": Мәди Манатбек орыс тілді шенеуніктерді сынады
Депутат: Тұрсыновтың ешкісі Сартай батырдан, Сәбинка келін Керей мен Жәнібектен артық па?!
Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі баласына неге күлгенін айтты
Таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз: Ермек Тұрсынов Татарстан киносы күндері жайлы
Загрузка...