Томирис фильмінде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсын

Бүгін "Томиристің" тұсаукесері: қазақ киносының жаңа жұлдызы Альмира кім   

1480
(Жаңартылды 17:07 25.09.2019)
Ұлы Даланы ұлықтаған патшайым туралы тарихи фильм екі жарым жыл түсірілді. Оның бюджеті шетелдік фильмдермен салыстырғанда жүз есе төмен

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Томирис" фильмінің бюджеті жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Арман Асеновтың айтуынша, фильм мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша  түсірілді. Оған толығымен мемлекет қаражаты жұмсалды.

"Негізі, шетелдің "Гладиатор", "Царство небесное", "Храброе сердце" сияқты фильмдерімен салыстырғанда "Томиристің" бюджеті он есе, тіпті жүз есе төмен. Себебі Қазақфильм қымбат фильмдерді түсіре алмайды. Жаңа тарихи туындының бюджеті "Анаға апарар жол" мен "Қазақ хандығынан" артық болған жоқ. Бізде нақты шектеу бар, біз одан аса алмаймыз", - деді Асенов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Журналистер нақты соманы атауды сұрады. Осы кезде компания басшысы "Томиристің" бюджеті 10 миллион доллардан аспағанын жеткізді.

"10 миллион доллардан төмен деп отырмыз ғой, теңгемен санағанда, ол шамамен 3 миллиард теңге", - деп атап көрсетті Асенов.

Ал мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов фильмнің нақты бюджетін атады.

"Бұл кино мәдениет және спорт минстрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді. Сондықтан нақты бюджетін айтайын, оған 2 миллиард 259 миллион теңге бөлінді. 3 миллиард емес, 2,2 миллиард теңге", - дейді Дәуешов.

"Томирис" қалай түсірілді?

Режиссер Ақан Сатаевтың айтуынша, фильм екі жарым жыл түсірілді. Сценарий Геродоттың нұсқасы негізінде жазылды. Алайда Иранда оны мойындамайды екен.

 Режиссер Акан Сатаев
© Sputnik / Владислав Воднев
Режиссер Ақан Сатаев

"Түсіру алаңына бір уақытта 800-ге жуық адам шыққан күндер де болды. Ал шығармашылық топтың құрамы 400 адамға дейін барды. Үш төрт алаң болды. Олар – Қапшағай, Шонжа, Алматы және Бурабай. Бас кезінде Кир түсетін кадрларды Мароккода түсіреміз деп ойлағанбыз. Бірақ қаражатты үнемдеуге шешім қабылданды. Сөйтіп, Қазақфильмнің түсіру алаңдарында декорацияларды өзіміз жасап, сол жерде түсірдік", - деді Сатаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Оның ойынша, Томирис рөлін ойнаған Альмира Тұрсын кинода жаңа жұлдызға айналады.

"Альмира кино табалдырығын енді-енді аттап жатыр. Бірақ менің сенімін мол. Енді, біз киноны көрдік, білеміз. Ертеңнен бастап біздің киномызда жаңа жұлдыз пайда болады деп айта аламын ", -  дейді Сатаев.

Ал Альмира Тұрсын фильмнің дайын нұсқасын әлі көрмегенін жеткізді. Сол себепті бүгінгі тұсаукесерін асыға күтіп отыр. 

© Sputnik / Владислав Воднев
"Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсын

"Мінеки, бүгін біз екі жыл түсірген киномызды көрсетеміз. Премьерасына да жеттік. Мен өте қуаныштымын. Бұл – менің дебютім. Өзім ешқашан актриса болған жоқпын. Мамандығым басқа еді. Бірақ құдайға шүкір, сіздерге рақмет, маған сеніп, үлкен жобаға алдыңыздар. Мен үшін бұл – үлкен бақыт. Қазір уайымдап отырмын. Бірақ фильм жақсы шықты деп ойлаймын. Өзім соңғы нұсқасын әлі көрген жоқпын. Бүгін өзім де көрермен болып барамын", - дейді ол.

Жаңа туындыны түсіруге шетелден мамандар тартылған жоқ. Барлығын отандық мамандар ойнап шықты.

Айта кетейік, бүгін астанада "Томирис" фильмінің тұсаукесері өтеді. Ертең, Алматыда, ал, 27 қыркүйектен бастап барлық кинотеатрда көрсетіледі. Фильмге еліміздің танымал кино жұлдыздары түскен. Олар – Димаш Ахимов, Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Мұрат Бисенбин, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Айжан Лайджи, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Асхат Үрпеков және тағы басқа актерлар. Кирдің рөлін Ридли Скоттың "Царство небесное" фильмінде Саладин патшаны сомдаған Голливуд актері Гасан Масуд ойнап шықты. Кейіпкерлер көне түркі және көне парсы тілдерінде сөйлейді.

1480
Кілт сөздер:
Альмира Тұрсын, Ақан Сатаев, "Томирис" фильмі
Тақырып бойынша
Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Томирис ханшайымның бала кезіндегі рөлін кім сомдайды?
"Томирис" фильмінің продюсері неліктен жоғалып кеткенін қызы айтып берді
"Томирис" фильмінің актері халықтан көмек сұрады
Әнші Димаш Құдайберген мен актер Джеки Чан

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады

558
"Авангард" деп аталатын фильмнің премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады.

"Жақын күндері Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Авангард: Арктикалық қасқырлар" премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.

Оқи отырыңыз: "Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Фильмде "Авангард" тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.

558
Кілт сөздер:
жаңа фильм, Джеки Чан, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

61
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

61

Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді видео

0
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ел президенті Владимир Путиннің мәлімдемесін оқып берді. Өз мәлімдемесінде Ресей басшысы АҚШ-ты ақпараттық кеңістіктегі оқиғалардың алдын алуға үндейді

Оның айтуынша, бұл үшін екіжақты келісім әзірлеу керек. Құжатта екі тараптың бір-бірінің ішкі істеріне араласпауына кепілдік беретін тетіктер айқындалмақ.

0