Мәжіліс депутаты, актер Нұрлан Әлімжанов

"Назарбаева туралы емес": Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильмі жайлы не ойлайтынын айтты

1494
(Жаңартылды 15:27 06.10.2019)
Әлімжанов "Томирис" фильмін отбасымен бірге тамашалаған. Айтуынша, кинотуынды оған қатты ұнапты, өте жақсы әсермен шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты, "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов жуырда көрермендерге жол тартқан "Томирис" тарихи фильмі жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлімжанов "Томирис" фильмін отбасымен бірге тамашалаған. Айтуынша, кинотуынды оған қатты ұнапты, өте жақсы әсермен шыққан. Десе де, актер фильмде Томиристің әкесінің кегін қайтарған сәтіне көрермендердің айызы қанбай қалғанымен келісті.

"Тез өлтіріп жіберді, жасыратыны жоқ. Жетпей қалған тұс әр кинода да болады. Бірақ, кейде созса, тағы да дәмі кетіп қала ма деп те ойлайсың. Тарихты бізден гөрі Ақан аға көбірек зерттеді. Қаншама кеңесшісі бар.  Томиристің мықтылығы әкесінен асып түскен деп айтады ғой, негізі", - дейді депутат Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында.

"Томирис" фильмі қалың көпшілікке жол тартқаннан кейін, кинокартинаны сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның "сайлауалды ролигі" дегендер де табылды.

"Мен бұл фильмді саясаттандырғым келмейді. Жалпы бұл біз дүниеге келмей жатып болған тарихи оқиға. Бала кезімде сүйіп оқыған кітаптарымның бірі. Мәселе онда емес. Қаншама қыз Томирис апасындай болғысы келеді. Бұл жерде әңгіме Дариға Назарбаева туралы емес. Мәселе "Томирис" фильмінің құндылығында, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін идеологиясы бар деп ойлаймын", - деген пікір білдірді актер.

Айтуынша, қазір қазақ қыздары жалаңаштанып, ойына келгенін жасап жатыр. Ал бұл туынды өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, қайсарлыққа, отбасы құндылықтарын сақтауға, өмірлік жарына адал болуға тәрбиелейді.

Тағы оқыңыз: "Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады

"Қыздарымыз қазақтың киімін киіп алып, омырауын көрсетіп, сүйкімсіз қылықтар жасап жүр. "Томирис" мұның барлығына өзінше тосқауыл болатын фильмнің бірі деп ойлаймын", - дейді ол.

Әлімжановтың ойынша, "Томирис" фильмі қазақтың бұған дейінгі кинокартиналарын басып озады.  

Осы орайда актер фильм кастингіне қатысқанын да атап өтті. Алайда белгісіз бір себептермен өтпей қалған.

"Гонорарымды айтудан ұялмаймын"

Актердің айтуынша, қазақстандық әртістердің көбі гонорарын айтуға ұялады. Ал Әлімжанов "жүрген жерінде тапқан табысын жасырмай айтып жүретін" жұлдыздардың қатарынан екен.

"Мен гонорарымды айтудан ұялмаймын. Мәселен, "Елбасы жолы" киноэпопеясы үшін әр жылдары әртүрлі алдым. Бұл туындыға мен бес жыл өмірімді арнадым. Жылына бір фильмнен түсіріп отырдық. Бастапқы гонорарым бір түсірілім күніне 100 доллар болды. Кейін бес жүзге, одан кейін мыңға дейін қосты", - дейді ол.

Әлімжановтың айтуынша, қазақстандық актерлердің жалақысы төмен, сондықтан оны көтеру керек.

1494
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

51
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

51
Астана Опера

Пандемия кезіндегі театр: "Астана Операда" алғашқы концерт өтті

18
(Жаңартылды 14:19 21.09.2020)
"Астана Опера" театрындағы концертке 50 көрермен қатысты. Олардың арасында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Опера" театры өзінің VIII маусымын "Опералық классиканың парақтары" гала-концертімен ашты.

"Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, концертке небары 50 көрермен, соның ішінде мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раймқұлова қатысты", – деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Кезекті маусым шымылдығын театр дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алан Бөрібаев ашты.

Концерт бағдарламасына әйгілі "Абай", "Дон Карлос", "Кармен", "Тоска", "Мадам Баттерфляй", "Севильский цирюльник" операларынан ариялар мен қойылымдар енген.

Оған театрдың барлық солисі, хор артистері, оркестр және миманс музыканттары қатысты.

"Барлығы жұмысты сағынып қалғандықтан, оған ерекше ынта-ықыласпен кірісіп кетті. Біз өнерімізді әрбір көрерменнің жүрегіне жеткізгіміз келеді. Мәселен, Абайдың 175 жылдығына орай, бағдарламаға Жұбанов пен Хамидидің "Абай" операсынан көріністер енгізілді", – деді өз ойымен бөліскен Бөрібаев.

Театрда не өзгерді?

Санитарлық талаптарға сәйкес, фойеде санитайзерлер қойылды. Ал залдағы орындықтар шахматтық тәртіппен орналасқан. Көрермендер қойылымның соңына дейін бетперде киіп отыруы тиіс.

"Оркестр музыканттарын отырғызу тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Яғни, санитарлық талаптар бойынша, аспапта ойнаушылар бір-бірінен бір жарым метр қашықтықта отыруы тиіс. Әрине, мұндай арақашықтықта мінсіз музыканттар ансамблін құру қиын, десек те, оркестр артистері өздерін бұл жағдайдан тамаша алып шықты", – делінген театр хабарламасында.

Жаңа формат: көрермен көзімен

Көрермендер театр қойылымдарын сағынып қалған екен. Сондықтан, жаңа форматқа қатысты жылы лебіздерімен бөлісті. 

"Театрларға аз көрерменге арналған қойылымдар қоюға рұқсат етілгенін білген кезде, бірден билет сатып алдық. Біз классикалық өнерге, театрға, артистердің өнеріне сусап қалыппыз", – дейді көрермен Аида Махпирова.

Оның айтуынша, жұмыстағы ұзақ үзіліске қарамастан, барлық солист пен хор артистері концертке тамаша вокалдық дайындықпен келген.

"Бүгін оркестрдің үні керемет естілді, әлемдік опера жауһарларының Алан Бөрібаев дайындаған тамаша интерпретациясын тыңдау бізге сөзсіз, рухани ләззат сыйлады", - дейді ол.

Бір атап өтерлігі, театрдың қыркүйектегі афишасына Римский-Корсаковтың музыкасына жазылған "Күміс ғасыр балеттері" мен "Шехеразада" қойылымдары енген екен.

Театр және пандемия

Наурыз айында, Қазақстанда коронавирус инфекциясы алғаш тіркелген кезде, театрлар негізгі қызметін тоқтатқан болатын. Алайда, артистер өз өнерлерін көрермен назарына онлайн-форматта паш етті. Осы ретте, "Астана Опера" театры 20-дан астам қойылымды әзірледі. Олардың ішінде елорда күні өз көрерменіне жол тартқан "Абай" операсы да бар.

Жеңіс күнінде үш танымал баритон әнші "Тырналар" халықаралық онлайн-жобасына қатысты. Танымал композицияны "Астана Операның" солисі Талғат Мұсабаев, Ресейдің Үлкен театрынан шақырылған солист Василий Ладюк және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет тетрының солисі Расул Жармағамбетов шырқады. 

Композиция "Астана Опера" театрының бас концертмейстері Елена Сахноның, сондай-ақ, симфониялық оркестрдің музыканттары мен "Астана Опера" хоры әртістерінің сүйемелдеуімен орындалды.

18
Кілт сөздер:
театр, өнер, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры
Тақырып бойынша
 "Астана Опера" Санкт-Петербург сахнасында
Астана Опера театры Ресейде BraVo сыйлығын иеленді
"Астана опера" театрында қойылым кезінде өрт шықты
"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Архивтегі фото

Ресейлік онлайн мектептер сертификатталуы мүмкін

0
Жұмысты Россотрудничество ағарту министрлігімен бірлесіп қолға алды, ол бірінші кезекте шетелде тұратын ресейліктерге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Россотрудничество ресейлік онлайн мектептерді сертификаттап, шетелде тұратын ресейліктер үшін емтихан тапсыруды жеңілдетуді ұсынып отыр. Бұл туралы Россотрудничество басшысы Евгений Примаков айтты.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді 

"Біз шетелде мектеп ашу әрдайым мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан "отбасылық", " үй" форматындағы онлайн оқытуды қолдаудың болашағы зор, өте қызықты және бізде де, шетелде де сұраныс артып келеді", - деді Примаков.

Ол шетелдегі көптеген ресейлік үшін бұл Ресей стандарттары бойынша білім алудың санаулы тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.

"Сертификаттау, емтихан тапсыру мәселесі әлі де бар, бірақ мұны да талқылауға болады, бұл жұмысты ағарту министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, оны сертификаттау үшін не істеу керек екендігі қарастырылуда. Қазір бірнеше ұсыныс бар", - деп түсіндірді Примаков.

Ол сондай-ақ Россотрудничество кез келген білім беру идеясын, алаңдарын, формаландырудың, институттандырудың кез келген дәрежесін қолдайтынын атап өтті.

"Бұл бізге келетін жеке бастамалар, мемлекеттік бастамалар болуы мүмкін, үкіметаралық келісімдер негізінде мектеп құрылған кезде оңайға соқпайды", - деп түсіндірді Россотрудничество басшысы.

Примаков көптеген отандасын Ресейдің білім беру жүйесі - мәдениет, өнер, гуманитарлық білім саласы да, нақты ғылымдар саласы да қызықтыратынын айтты.

"Біз бұл бастамалардың барлығын құптаймыз және қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп аяқтады ол.

0
Тақырып бойынша
Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек – психологтар кеңес берді