Амангелді Шәкенов ескерткіші

Омбыда қазақ суретшісіне ескерткіш орнатылды

67
(Жаңартылды 20:19 06.11.2019)
Қазақстан мен Ресей XVI өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Омбыда Амангелді Шәкеновке арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды

ОМБЫ, 6 қараша– Sputnik. Омбы қаласында суретші Амангелді Шәкеновтің құрметіне ескерткіш қойылды. Ол Қазақстан консулдығының жанында орналасқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ескерткіште "Суретші және педагог Амангелді Шәкеновке арналған" деп жазылған. Скульптура авторы – Мейрам Баймұханов. Ескерткіш "Мирас" қазақ тілі және мәдениетін сақтау және даму қорының бастамасымен орнатылған.

Амангелді Шәкенов – РКФСР сурет одағының мүшесі, РКФСР-дің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан суретшілер академиясының академигі. Ол 1976 жылы РКФСР суретшілер одағының мүшесі атанған.

Суретші 1943 жылы 20-маусымда Омбы облысы Шербакөл ауданы Чукут ауылында дүниеге келді. Горкий атындағы Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті көркем графика факультетінде білім алған. Түрлі жылдары аға оқытушы, факультет деканы, көркем сурет кафедрасының доценті болды.

Посол Казахстана в России Имангали Тасмагамбетов на открытии памятника
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов ескерткіштің ашылу салтанатында

"Тапсырыс – ақша табудың көзі. Алайда өнерге баса мән беру керек. Менің ойымша, өнер басым болуы шарт. Бүгінде түрлі мектептен білім алған суретшілер көп. XX ғасырда суретшілердің жұмысы қоғам тарапынан жылы қабылданбаса, XXI ғасырда бұл жағдай тұрақталып, оған жай қарайтын болдық. Мен барлық суретшіге бірдей қарадым", - дейді ол.

Амангелді Шәкенов 2019 жылдың 1 мамырында 75 жасында өмірден өтті. Оның шығармашылығы Қазақстан мен Сібірдің заманауи көркем өнерінің дамуына үлес қосты. Ол көптеген портрет, пейзаждың авторы әрі шәкірт тәрбиелеген құрметті ұстаз.

Дочь художника Жамиля Шакенова
© Sputnik / Динара Досмухаметова
Суретшінің қызы - Жамилә Шәкенова

Суретші Ресейде тұрса да, өзінің шыққан жерін ұмытқан жоқ. Туған еліне деген махаббатын шығармашылығында суреттеді.

67
Кілт сөздер:
ескерткіш, суретші, қазақ, Омбы
Тақырып бойынша
Жұрттың ашуын тудырды: Семейде Мәншүк Мәметованың ескерткіші алынып тасталды
Сәкен Сейфуллинге қатысты алыпқашпа әңгімеге нүкте қойылды
Абай ма, әлде Ленин бе? - Ақмола облысындағы атышулы ескерткіштің тарихы
"Ескерткіш орнатамыз": Нұр-Сұлтан әкімі Ақордада не талқыланғанын мәлімдеді
Тоқаев Нұрпейісовке құрметті атақ берді
Загрузка...