Олжас Ибраев

Ақтөбе облыстық драма театрына жаңа басшы келді

471
(Жаңартылды 14:58 12.11.2019)
Тахауи Ахтанов атындағы облыстық қазақ драма театрын 29 жастағы актер Олжас Ибраев басқарды, ол Ақтөбе өңірінің тумасы

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Олжас Ибраев Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театры директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан театрлары қауымдастығының баспасөз қызметі.

Жаңа басшыны ұжымға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев таныстырды.

Олжас Ибраев туралы не білеміз?

Олжас Ибраев 1990 жылы Хромтау қаласында туған. Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде "драма театры және кино актері" мамандығы бойынша білім алған. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде "мемлекеттік және жергілікті басқару" саласын да меңгерген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от O L Z H A S I B R A Y E V 🇰🇿 (@olzhas_ibrayev)

Еңбек жолын "Хабар" телеарнасында бағдарлама тележүргізушісі болып бастады. "Астана Мюзикл" мемлекеттік театрының труппа меңгерушісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бөлім басшысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұлттық өнер факультетінің деканы болып қызмет атқарды.

Тағы оқыңыз: Тахауи Ахтанов атындағы драма театры

Отандық кино индустрияға да өз үлесін қосып, "Айжан", "Шекара" телехикаяларынан бөлек, "Әли" фильмінде бас кейіпкердің рөлін сомдады. Көптеген халықаралық және республикалық театр фестивальдерін ұйымдастыруға атсалысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от O L Z H A S I B R A Y E V 🇰🇿 (@olzhas_ibrayev)

2013 жылы "Хабар" агенттігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық "Жігіт сұлтаны" тележобасының жеңімпазы атанды.

471
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (80)
Әнші Димаш Құдайберген мен актер Джеки Чан

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады

562
"Авангард" деп аталатын фильмнің премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады.

"Жақын күндері Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Авангард: Арктикалық қасқырлар" премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.

Оқи отырыңыз: "Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Фильмде "Авангард" тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.

562
Кілт сөздер:
жаңа фильм, Джеки Чан, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

61
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

61
Түнгі клуб

Нұр-Сұлтанда түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

0
Бұған дейін 25 жастағы бойжеткенге заң бұзғаны үшін ескерту жасалып, тіпті жауапкершілікке де тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елордада карантиндік шараларды бірнеше рет бұзғаны үшін 25 жастағы түнгі клуб әкімшісі бір тәулікке қамауға алынды. Полицейлердің хабарлауынша, тыйым салынғанына қарамастан 30-ға жуық азамат клубта бас қосып, ереже бұзғаны анықталған.

Ал түнгі клубтың әкімшісі бұған дейін де Әкімшілік кодексті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, аталған клубта сауық кеші ұйымдастырылған.

Осы жағдайға байланысты тиісті материалдар жиналып, сотқа жолданған. Сот үкімімен бойжеткен бір тәулікке қамауға алынды.

Сонымен қатар, карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, "Алматы" ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалау басқармасына жіберілді.

Оқи отырыңыз: Петропавлда түнгі клуб жанында екі қызды қағып кеткен байдың баласы ұсталды

Полиция өкілдері қала тұрғындарына ойын-сауық мекемелерінде коронавирусты жұқтыру қаупі артқанын ескертеді.

0
Кілт сөздер:
қамауға алынды, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қыркүйек соңында карантин күшейе ме – бас санитар дәрігер жауабы
Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді  
Түнгі клуб алдында көлік қағып, комаға түскен әйел көз жұмды
Маңғыстау облысында той өткізген шенеунік жазаланады
Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты