Сахнада ән айтып тұрған қыз

Таланттар шоуы: елордалық қыз ерекше өнерімен таңғалдырды видео

456
(Жаңартылды 16:20 13.11.2019)
Он бір жастағы әртіс өзінің Клара есімді қарға - қуыршағымен шоуда өнер көрсетіп, жұртты тәнті етті

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Он бір жастағы елордалық Айша Алматтың қойылымы Central Asia Got Talent шоуының қазылар алқасын таңғалдырды.

Ішінен түрлі дыбыс шығара алатын қыз өзінің "құрбысымен" бірге өнер көрсетеді. Құрбысы – Клара есімді қарға-қуыршақ. Дарынды бала ойыншығының атынан сөз сөйлеп, ән айтады.

View this post on Instagram

A post shared by Айша Алмат (@aysha_almat) on

Айша ерекше қойылым ойлап тапты. Онда Клара қазылар алқасының әр мүшесіне арнап сөз сөйлеп, олар туралы ән айтып берді.

View this post on Instagram

A post shared by Айша Алмат (@aysha_almat) on

Ал әнші Ситора жас әртістің Instagram-дағы парақшасына жазылғанын және оның өнерін тұрақты түрде бақылап отыратынын айтты.

Атап өтсек, 2017 жылы America"s Got Talent америкалық шоуында Айша Алмат сияқты ішінен дыбыстай алатын 12 жастағы Дарси Линн Фармер жеңіске жеткен еді.

456
Кілт сөздер:
өнер, шоу, талант
Тақырып бойынша
Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі баласына неге күлгенін айтты
Сәби әлі жүре алмайды, дегенмен бидің түбін түсіреді – күлкілі видео  
Армения президенті Дариға Назарбаеваның талантын айтып мақтады
Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер
Мамандар қазақ эстрадасында фонограммасыз ән айтатын әншілерді атады
Загрузка...