Мәскеуде қазақстандық кино апталығы басталды

Мәскеуде қазақ киносының апталығы басталды

66
Сегіз қазақстандық фильм мәскеулік көрерменге ұсынылады. Олардың арасында прокатта бір айдың ішінде 1,2 миллион доллар жинаған "Томирис" тарихи фильмі де бар

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Мәскеуде қазақс киносының апталығы "Шыңырау" фильмімен ашылды. Туынды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев романының желісі бойынша түсірілген. Кино апталығы жазушының 80 жылдық мерейтойына арналады, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігі.

В Москве стартовала Неделя казахстанского кино, посвященная Абишу Кекилбаеву
© Sputnik /
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов

"Ол кісі еліміздің әдеби мұрасына ғана үлес қосып қойған жоқ. Рухани дамудың бағыт-бағдарын көрсеткен ойшыл", - деді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов.

"Шыңырау"

"Шыңырау" фильмінің (режиссері Жаңабек Жетіруов) сюжеті бойынша құдық қазушы Еңсеп пен ұлы Жомарттың шиеленіскен қарым-қатынасы суреттеледі. Картинада екі жасөспірімнің арасындағы махаббат туралы да баяндалады.  

"Маңғыстау (Әбіш Кекілбаевтың туған жері - Sputnik) – ерекше, сусыз өңір. Каспий теңізінің суы тұзды екенін білесіздер. Ал көшпенділерге тұщы су керек болды. Сондықтан құдық қазушы кәсібі сұраныста еді. Мұны түсіну қиын", - деді Тасмағамбетов.

Абиш Кекилбаев
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев

Режиссер фильмді екі жыл бұрын түсірген. Оған дейін үш жыл бойы Әбіш Кекілбаевпен ақылдасқан. Жазушы туындыға өзінің батасын беріп үлгерді. Алайда картинаның экранға шыққан сәтін көре алмады. Жиналғандар жұмыс нәтижесіне жазушының көңілі толар еді деген ойын айтты.

Қарашаның 18-і мен 23-і аралығында Мәскеуде өтетін Қазақстан киносы күндері шеңберінде "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Шыңырау", "Томирис", "Анаға апарар жол" және "Әміре" фильмдері көрсетіледі. Ал Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмі осы мерекенің жабылуында көрермен назарына ұсынылады.

Қазақстан киносы күндерін РФ мәдениет министрлігі, "Кино планетасы" компаниясы, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі және "Қазақфильм" АҚ ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.

66
Кілт сөздер:
кино, қазақ, Мәскеу
Тақырып бойынша
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
"Назарбаева туралы емес": Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильмі жайлы не ойлайтынын айтты
"Томирис" фильмінің продюсері неліктен жоғалып кеткенін қызы айтып берді
"Томирис" фильмінің актері халықтан көмек сұрады
Әнші Димаш Құдайберген мен актер Джеки Чан

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады

593
"Авангард" деп аталатын фильмнің премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады.

"Жақын күндері Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Авангард: Арктикалық қасқырлар" премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.

Оқи отырыңыз: "Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Фильмде "Авангард" тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.

593
Кілт сөздер:
жаңа фильм, Джеки Чан, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

62
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

62
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі кезекті отырыстың бірі

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады

8
Қауіпсіздік кеңесі Әзербайжан мен Арменияны келіссөздерге оралуға шақырды. Алайда, Ильхам Алиев Арменияның Қарабақ келіссөзіндегі талаптарын қолайсыз деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабақтағы қақтығыс аймағында ауқымды соғыс қимылдары туралы хабарламаларға алаңдаушылық білдіреді, делінген Қауіпсіздік кеңесінің талқылау қорытындысының тұжырымдамасында.

"Олар (Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері – Sputnik) күш қолдануды қатаң түрде айыптап, адам өліміне өкінетіндіктерін білдірді", – деді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Абду Абарри.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзербайжанды атысты дереу тоқтатуға және алдын-ала шартсыз мәнді келіссөздерді бастауға шақырды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларының орталық рөліне толық қолдау білдірді.

Әзербайжан президенті "қолайсыз" шарттар туралы айтты

Баку Ереванның Қарабақ бойынша келіссөзде қолайсыз талаптарды алға тартып отырғанын мәлімдеді.

"Армения қолайсыз талаптар қою арқылы келіссөз процесін әдейі бұзады", – деді Әлиев "Россия 1" арнасының эфирінде.

Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуі

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте Армения қарулы күштері шектесу сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Оның салдары азаматтық және әскери шығындарға ұшыратқан. Ал Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Әзербайжан тарапынан Қарабаққа әуе және ракеталық шабуылдар жасалған.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

8
Кілт сөздер:
БҰҰ, Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салып, Әзербайжанда интернет шектелді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады
Әзербайжан Қазақстанға нота жіберді
Апатқа ұшыраған "Армения" кемесі: адам өлімі "Титаниктен" алты есе асып түседі
Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді