Ержан Максим Балалар Евровидениесінің ашылу салтанатында

Ержан Максим "Балалар Евровидениесі 2019" байқауында екінші орын алды видео

331
(Жаңартылды 00:13 25.11.2019)
Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия өзінің ең көп 12 балын Қазақстанға берді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Польшаның Гливице қаласында өткен "Балалар Евровидениесі" музыкалық шоуында осы елдің өкілі Виктория Габор жеңімпаз атанды. Қазақстандық Ержан Максим екінші орынды иеленді.

Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия өзінің ең көп 12 балын Қазақстанға берді. Қазақстан өз дауысын польшалық қатысушыға берді.

Ержан конкурсқа қатысушы елдердің кәсіби әділ-қазыларының ең көп дауысын алып, жеңімпаз атанғанына қарамастан, онлайн дауыс беру жағдайды түбегейлі өзгертті. 

Результаты Детского Евровидения 2019
"Балалар Евровидениесінің" қорытындысы

Тарихта алғаш рет бір ел қатарынан екі мәрте жеңімпаз болды. Виктория Габор "Superhero" әнін поляк және ағылшын тілінде шырқады.  

Победитель Детского Евровидения 2019 Виктория Габор
© Photo : EBU / Junior Eurovision / Thomas Hanses
"Балалар Евровидениесі 2019" жеңімпазы Виктория Габор

Үздік үштікті испаниялық Мелани Гарсия "Marte" (Марс) әнімен түйіндеді. 

Ержан Максим "Балалар Евровидениесі" байқауында Armanyńnan Qalma әнін орындап, Қазақстанды жоғары деңгейді таныстырды.

Әншіні сахнада би балеті сүйемелдеді. Ал концерт залындағы көрермендер ду қол шапалақтап құрмет көрсетті.

Ержан Максимнен басқа сайысқа 18 елдің өкілі қатысты.

331
Кілт сөздер:
видео, Ержан Максим
Загрузка...