Ержан Максим

Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" болған қызықты оқиғамен бөлісті

427
(Жаңартылды 14:09 27.11.2019)
Бүгін мәдениет және спорт министрі жас әншінің еңбегін жоғары бағалап, оған шығармашылық табыс тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Балалар Евровидениесі" байқауында екінші орын алған қазақстандық әнші Ержан Максиммен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алдымен Ақтоты Райымқұлова әншіні жүлделі орынға ие болуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

"Қазақстанға сый алып келген кішкентай Ержан баламызды құттықтаймыз. Жетістіктерге жете бер. Жүзден жүйрік шыққаныңа мың да бір алғыс. Бұл – үлкен жұмыстың нәтижесі. Еліміздің туын, мәртебесін көтергенің үшін саған көп рақмет», - деді ол.

Сонымен қатар, министр жас әншіге "Қазақ елі" шағын мүсінін сыйға тартты. Осы орайда Ержан Максим байқау кезінде басынан өткен қызықты оқиғаны айтып берді.

"Маған осылай құрмет көрсетіп жатқаныңызға көп рахмет! Байқауда өте қиын болды. Бірақ ең қызығы байқауда менің құлағыма құлаққап сыймай қалды. Кейін оны скотчпен құлағыма жабыстырып тастадым. Тағы да көп қызықтар болды. Балалардың бәрі кешке қарай бірге көңіл көтеріп, вальс биледік. Қарсыластарым өте мықты болды», - дейді әнші.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим қазақстандықтарға бейнеүндеу жасады

Айта кетейік, "Балалар Евровидениесі 2019" байқауы Польшаның Гливице қаласында өтті. Оған 18 елдің өкілдері қатысты. Ержан Максим сахнаға "Арманыңнан қалма" әнімен шықты.

Беларусь, Грузия, Нидерланды, Польша, Сербия, Украина және Уэльстің кәсіби музыканттары қазақстандық жас әншіге балл беріп, қолдау көрсетті.

Нәтижесінде, Ержан Максим екінші орын иеленді. Бұл сайыста польшалық Виктория Габор жеңіске жетті. Үшінші орын испаниялық Мелани Гарсияға бұйырды.

427
Кілт сөздер:
қызықты деректер, Евровидение, Ержан Максим
Тақырып бойынша
Ержан Максим Қазақстаннан кеткелі жатыр
Тұрсынов Димаштың жетістігіне ортақтасатын шенеуніктерді сынап тастады
Ержан Максим "Балалар Евровидениесі" байқауында қалай өнер көрсетті – видео
Ержан Максимді туыстары мен тыңдармандары Алматы әуежайынан күтіп алды
Ержан Максим "Балалар Евровидениесі 2019" байқауында екінші орын алды – видео
Загрузка...