Ержан Максим

Қиындық бар: Ержан Максимнің анасы ұлының Мәскеудегі өмірі жайлы айтып берді

1385
(Жаңартылды 15:18 27.11.2019)
Әнші Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек ұлының Мәскеудегі өмірі жайлы әңгімелеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Танымал жас әнші Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек Мәскеуде пәтер мәселесі қиын екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Балалар Евровидениесі" байқауында екінші орын алған қазақстандық әнші Ержан Максиммен және оның анасы Гүлмира Әлібекпен кездесті. Министр оларды жеңісімен құттықтады.

Кездесу барысында Гүлмира Әлібек баласының Мәскеудегі мектепте қалай оқып жатқанын, қандай қиындықпен бет-бет келіп жүргенін жеткізді.

"Ержан №2083 орта мектебінде орысша білім алып жатыр. Одан бөлек, аптасына екі-үш рет Игорь Крутойдың академиясына барады. Мәскеуде тұрып жатқандықтан пәтер жағы қиын. Оны өздеріңіз білесіздер", - деді ана ағынан жарылып.

Осы орайда ол бұл мәселені шешуге көмектескен азаматтарға шексіз алғысын білдірді.

"Әкімдік үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Оған рақметімізді айтамыз. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі пәтер жалдап, Ержанға стипендия тағайындады. Бізге осылай қолдау көрсетуде", - деп түйіндеді сөзін Гүлмира Әлібек.

Композитор Хамит Шангалиев, Ержан Максим и его мама Гульмира Алибек
© Sputnik / Абзал Калиев.
Композитор Хамит Шангалиев, Ержан Максим и его мама Гульмира Алибек

Ержан Максим орыс мектебінде білім алу өзіне қиындық тудырып жүргенін жеткізді.

"Қатты қиналып жүрмін", - дейді жас әнші.

Анасы баласының бұл сөзіне күліп жіберді. Ол Мәскеуде қазақ мектебі жоқ екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" болған қызықты оқиғамен бөлісті

1385
Кілт сөздер:
әнші, Мәскеу, Ержан Максим
Тақырып бойынша
"Қауіпті болуы мүмкін": Димаштың ұстазы шәкіртіне қандай кеңес бергенін айтты
Ержан Максим "Балалар Евровидениесі 2019" байқауында екінші орын алды – видео
Ержан Максим "Балалар Евровидениесі" байқауында қалай өнер көрсетті – видео
Ержан Максим қазақстандықтарға бейнеүндеу жасады
Ержан Максимді туыстары мен тыңдармандары Алматы әуежайынан күтіп алды
Загрузка...