Көрермендер

Елордада қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті

25
(Жаңартылды 17:13 30.11.2019)
Халықаралық кинофестивальдің ұйымдастырушылары іс-шара жыл сайынғы дәстүрге айналады деп үміттеніп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Елордада Vosmerka сайтының командасы ұйымдастырған "Кино ғана емес" халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды. Кинокартинаны тамашалағаннан кейін көрермендер алған әсерімен бөлісіп, фильмді режиссерлермен талқылау мүмкіндігіне ие болды.

Фестивальдің алғашқы күні Чувашия мен Якутия кинематографистері түсірген картиналар таныстырылды. Чувашия кинематографистерінің "О чем молчат куклы деда Тероша?" фильмі мен Саха республикасының режиссерлері түсірген новеллалар көрермендердің ерекше қызығушылығын туғызды.

Кино фестивалі қазақстандық киноиндустрия өкілдерінің де көңілінен шықты. Шараға белгілі қазақстандық режиссер Әнуар Райбаев, сондай-ақ, Нұр-Сұлтанның жас кинематографистері қатысты.

Кинокритик и программный директор Международного молодежного фестиваля короткометражного кино в Казани Адиля Хайбуллина
© Photo : Представительство Россотрудничества в Казахстане
Қазандағы халықаралық жастар қысқаметражды кино фестивалінің директоры Адиля Хайбуллина

"Кино ғана емес" фестивалінің командасы құрған формат көрермендер мен фильмдер арасында коммуникация орнатуға ммүмкіндік береді. Vosmerka сайтының командасы іріктеген фильмдерден дәл қазіргі таңда ұлттық кинематографтарда қандай үрдіс басым екенін, олардың қазіргі жай-күйін білуге болады", - деп атап өтті Қазандағы халықаралық жастар қысқаметражды кино фестивалінің директоры Адиля Хайбуллина.

Үш күнге созылатын фестиваль кезінде ұйымдастырушылар Қазақстан, Татарстан, Якутия және Чувашияның режиссерлері түсірген 20-дан аса қысқаметражды картина көрсетеді.

Главный редактор сайта Vosmerka Евгений Лумпов
© Photo : Представительство Россотрудничества в Казахстане
Vosmerka сайтының бас редакторы Евгений Лумпов

"Кино ғана емес" фестивалі іс-шаралар циклін  "Ғалам" ұлттық мәдениеттер фестивалі аясында ашты. Оны Ресей ғылым және мәдениет орталығының Қазақстандағы өкілдігі Роскосмостың қолдауымен ұйымдастырды. Ол Нұр-Сұлтанда 29 қараша мен 22 желтоқсан аралығында өтеді.

15 желтоқсанда Vosmerka мен Ресей ғылым және мәдениет орталығы ресейлік анимациялық, деректі және ойын фильмдері таныстырылатын Қысқаметражды кино күнін өткізеді.

25
Загрузка...