Димаш Құдайберген

Димаштың Германия мен Чехиядағы концертіне билеттер сатыла бастады

362
Қазақстандық әнші 2020 жылы наурызда Еуропада басталатын концерттік турының бағдарламасымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің Германия мен Чехияда өтетін концертіне билеттер сатыла бастады. Бұл туралы әнші инстаграмдағы парақшасында жазды.

Видеолардың бірінде Димаш Arnau турының концерттік бағдарламасын жариялады. Әнші 19 наурызда Гамбургте, 21 наурызда Дюссельдорфта, 25 наурызда Прагада және 28 наурызда Штутгартта өнер көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Tickets for ARNAU concerts in Germany and the Czech Republic went on sale. Tickets on @bilet.kartina.tv. March 19 - Hamburg, March 21 - Dusseldorf, March 25 - Prague, March 28 - Stuttgart

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Сондай-ақ, ол тыңдармандарын Чехия астанасында өтетін жеке концертіне шақырып, арнайы видео жариялады.

"Қымбатты достар, 25 наурызда Прагадағы Tipsport-Arena стадионында жеке концертім өтеді. Келіңіздер, сіздерді көңілді кеш күтеді",- деді әртіс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Ал 10 желтоқсанда Нью-Йоркте қазақстандық әнші Arnau tour Envoy атты жеке концертін береді.

Санкт-Петербургтегі аншлаг

29 қарашада Санкт-Петербургте Димаштың концерті өткен болатын. Жас әншінің өнерін тамашалауға 12 мыңнан аса адам жиналды.

Концерттен кейін Димаш тыңдармандарына ризашылығын білдірді.

362
Кілт сөздер:
концерт, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Санкт-Петербургтегі концертінде сахнаға индонезиялық әншімен шықты     
Димаш Құдайберген әлемге әйгілі екі әншімен бірге өнер көрсетті - видео
Танымал ресейлік блогер ұлына "Димаш" деп ат қойды    
Нью-Йоркке ұшып келген Димаш Құдайберген күтпеген жағдайға тап болды - видео
Димаш ресейлік бағдарламада Назарбаев туралы әзілдеді – видео
Димаш Құдайберген желіде жүрек елжіретерлік видео жариялады
Димаш аты аңызға айналған тенормен бірге ән шырқады – видео
Димаш Токиодағы тыңдармандарына Қазақстан туралы айтып берді – видео
Әнші Димаш Құдайберген мен актер Джеки Чан

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады

558
"Авангард" деп аталатын фильмнің премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады.

"Жақын күндері Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Авангард: Арктикалық қасқырлар" премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.

Оқи отырыңыз: "Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Фильмде "Авангард" тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.

558
Кілт сөздер:
жаңа фильм, Джеки Чан, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

61
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

61

Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді видео

0
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ел президенті Владимир Путиннің мәлімдемесін оқып берді. Өз мәлімдемесінде Ресей басшысы АҚШ-ты ақпараттық кеңістіктегі оқиғалардың алдын алуға үндейді

Оның айтуынша, бұл үшін екіжақты келісім әзірлеу керек. Құжатта екі тараптың бір-бірінің ішкі істеріне араласпауына кепілдік беретін тетіктер айқындалмақ.

0