Димаш, концерт

Димашты Нью-Йорк әуежайында атақты америкалық спортшы қарсы алды

3521
(Жаңартылды 11:27 10.12.2019)
Америкалық футболдың танымал ойыншысы Русти Рассел Димаштың жүздеген жанкүйерімен бірге әншіні әуежайда қарсы алды

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке барды. Димашты жанкүйерлері қарсы алды, олардың қатарында танымал спортшы да болды.  

Джон Кеннеди атындағы әуежайда қазақстандық орындаушының жүздеген жанкүйері жиналды. Олар әртісті қолдарына гүл, Қазақстан туы мен әншінің портретін ұстап қарсы алды, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Американский спортсмен подарил мяч Димашу Кудайбергену
© Photo : dimashnews.com
Америкалық спортшы Димашқа доп сыйлады

Қарсы алушылар қатарында спортшы, америкалық футбол командасының танымал ойыншысы Русти Рассел де болды. Спортшы сүйікті әншісін көріп, онымен амандасу үшін әуежайға арнайы келді. Бұған қоса, Русти Рассел Димақша доп сыйлады.

Қазақстандық орындаушының көптеген жанкүйері Димашпен кездесіп, онымен естелік суретке түсу үшін әуежайға алыс жол жүріп келген екен. Әнші бірнеше сағат ұшып келгеніне, шаршағанына қарамастан әр жанкүйер үшін уақыт тапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Еске салсақ, 10 желтоқсанда қазақстандық әнші Нью-Йорктегі атақты Barclays Center аренасында Arnau tour ENVOY жаңа шоуымен өнер көрсетеді.

Ол бұған дейін концерт бағдарламасы тыңдармандарды қазақтың шығармашылығымен заманауи үлгіде таныстырады деген болатын.

3521
Кілт сөздер:
Нью-Йорк, әнші, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Санкт-Петербургтегі концертінде сахнаға индонезиялық әншімен шықты     
Димаштың Германия мен Чехиядағы концертіне билеттер сатыла бастады
Димаштың Беларусьтегі фанаттары концерттен 4 ай бұрын дүрбелең тудырды
Димаш Құдайберген "Виктория" сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті – видео
"Ғажап дауысыңды жақсы көремін": Ресейдің халық әртісі Димашқа марапат табыстады - видео
Домбыра, архивтегі сурет

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра тартты видео

291
(Жаңартылды 14:29 05.07.2020)
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбырамен қазақтың күйлерін тартып, мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбыра тартып үйренді. Ол дипломаттар халық аспабын жақсы көретінін және бағалайтынын атап өтті.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ұжымы атынан сіздерді тек Қазақстанда ғана бар бірегей мереке – Домбыра күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сырт көзге қарапайым көрінген музыкалық аспаптың киелі үнінде қазақ халқының рухы мен сан ғасырлық даналығы жатыр", - деді Суворов.

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра шертуді бір жыл ішінде үйреніп алған. Музыкалық аспап Ресей мен Қазақстан халықтарын етене байланыстырады, деп атап өтті ол.

"Біз, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің дипломаттары домбырада ойнағанды жақсы көреміз. Орыс халық әуендері мен қазақтың күйлері домбыра үнімен қалай үйлесетінін тыңдап көріңіздер", - деді ол.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

291
Кілт сөздер:
Ресей елшілігі, домбыра күні
Тақырып бойынша
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұлттық домбыра күні

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

180
Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.  

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.

"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев. 

Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер

Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

180
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, домбыра күні
Жедел жәрдем

Қазақстандық вице-министр тұрғынды өлім аузынан алып қалды

22
(Жаңартылды 09:48 05.08.2020)
Әйел есінен танып, құлай жаздады. Медициналық тәжірибесі бар вице-министр бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары жұмыс орнында тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін құтқарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Марат Шоранов
© Photo : пресс-служба премьер-министра
Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов

Дүйсенбі, 3 тамыз күні Марат Шоранов денсаулық министрлігіне, жұмысына келген. Осы кезде 1969 жылы туған әйел бесінші кіреберістің баспалдағымен көтеріліп бара жатқан. Ол кенеттен есінен танып, құлай жаздады.

Шоранов әйелді ұстап қалды. Оның көгеріп кетіп, асфиксия болғанын көрген. Медициналық тәжірибесі бар вице-министр бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жүргізушіге "отвертка" әкелу керек екенін айтқан. Ол қажет болса, трахеостома жасамақ болған.

Әйел есін жиып, тыныс ала бастады. Жедел жәрдем шақыртылып, жалпы хирургия және проктология бқлімшесіне жеткізілді. Ішіктің жабысып бітелуі деген диагноз қойылды. 

Дәрігерлер тұрғынның жағдайы жақсарғанын айтты. 6 тамыз күні ауруханадан шығарылады.

22
Кілт сөздер:
тұрғын, денсаулық, вице-министр
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Денсаулық министрі коронавирустан қайтыс болғандар санын жариялады 
Денсаулық сақтау министрлігі жұртты толғандырған сұрақтарға жауап берді
Денсаулық сақтау вице-министрі екі айға қамауға алынды
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады