Сахнагер 2019

Театр үздіктері анықталды

118
"Сахнагер 2019" ұлттық театр сыйлығын алған үздіктердің есімдері белгілі болды. Марапат осымен үшінші рет табысталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан - Sputnik. Елордада "Сахнагер-2019" ұлттық театр сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жастар театрында өткен салтанатты шарада алдымен "Сахналық ғұмыр" аталымы бойынша жеңімпаз атанған Рымкеш Омарханова мен Гүлжамал Қазақбаева марапатталды. Оларға арнайы диплом мен 500 мың теңгенің куәліктері тапсырылды.

Тура сондай куәліктер театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Олег Ли, Ғайниқамал Байқошқарова, Сердок Қажымұратов пен Мағзұм Бақытжановқа берілді.

Награждение Сахнагер 2019
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Сахнагер" сыйлығын табыстау рәсімі

Бұдан бөлек, театр өнерінің биылғы үздік мамандары аталды. Олар - үздік грим суретшісі Дарьяш Қасымова, үздік дыбыс режиссері Ержан Қажымов, үздік жарық қоюшы - суретшісі Дмитрий Драгой, үздік сценограф-суретші Сергей Мельцер, үздік қуыршақ жасау шебері Әсия Құрманалина, үздік костюм суретшісі Ерлан Тұяқов, үздік драматург Роза Мұқанова, үздік менеджер Талғат Есенәлиев, үздік театр сыншысы Анар Еркебай, үздік қуыршақ театрының актері Досымхан Бейсенбаев, екінші пландағы үздік актер Әлішер Махпиров, екінші пландағы үздік актриса Динара Әбікеева, үздік опера солисі Нұржан Бәжікенов, үздік балет әртісі Әйгерім Бекетаева, үздік хореограф Айгүл Тәти, үздік актриса Назгүл Қарабалина, үздік актер Нұркен Өтеуілов және үздік режиссер Гүлсина Мирғалиева.

Награждение Сахнагер 2019
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Сахнагер 2019" марапаттау салтанаты

Үздіктерге 1 миллион теңгеден тапсырылды. Ал жас актерлер "Үміт" дипломдарына және ақшалай сыйлықтарға ие болды.

118
Кілт сөздер:
марапат, сыйлық, театр
Тақырып бойынша
Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
Жасампаз "Жастар" театрының құрылу тарихы
Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театры
Облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры
Тахауи Ахтанов атындағы драма театры
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры
Домбыра, архивтегі сурет

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра тартты видео

213
(Жаңартылды 14:29 05.07.2020)
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбырамен қазақтың күйлерін тартып, мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбыра тартып үйренді. Ол дипломаттар халық аспабын жақсы көретінін және бағалайтынын атап өтті.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ұжымы атынан сіздерді тек Қазақстанда ғана бар бірегей мереке – Домбыра күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сырт көзге қарапайым көрінген музыкалық аспаптың киелі үнінде қазақ халқының рухы мен сан ғасырлық даналығы жатыр", - деді Суворов.

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра шертуді бір жыл ішінде үйреніп алған. Музыкалық аспап Ресей мен Қазақстан халықтарын етене байланыстырады, деп атап өтті ол.

"Біз, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің дипломаттары домбырада ойнағанды жақсы көреміз. Орыс халық әуендері мен қазақтың күйлері домбыра үнімен қалай үйлесетінін тыңдап көріңіздер", - деді ол.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

213
Кілт сөздер:
Ресей елшілігі, домбыра күні
Тақырып бойынша
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұлттық домбыра күні

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

157
Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.  

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.

"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев. 

Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер

Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

157
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, домбыра күні
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

139
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

139
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?