Томирис фильмі

Қазақ киносы: 2019 жылы экранға шыққан фильмдер

414
Биыл қазақ киносы бірқатар жаңа фильммен толықты. Соның ішінде бұған дейін түсірілген туындылардың жалғасы және жаңа шығармалар бар

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Sputnik Қазақстан 2019 жылы шыққан қазақ фильмдеріне шолу жасайды.

"Балуан Шолақ"

Cәуірдің басында Нұр-Сұлтан қаласында "Балуан Шолақ" көркем фильмінің премьерасы болды. Фильмнің режиссері – Нұргелді Садығұлов. Тарихи кинолента палуан, әнші әрі композитор Нұрмағанбет Баймырзаұлының (Балуан Шолақ) өмірі жайында баяндайды. Сценарий авторы - Дулат Исабеков.

Фильмнің түсірілімі Алматы облысының Жалаңаш және Кеген ауылдарында, сондай-ақ, Павлодар қаласында және Бурабай курортты аймағында өткен. Көпшілік сахналарға үш жүзден астам адам қатысқан..

"Мен үшін маңыздысы - жас ұрпақты Балуан Шолақтың тұлғасымен таныстыру және ол өмір сүрген тарихи кезеңді көрсету", - дейді режиссер Садығұлов.

Режиссер осы жұмысы үшін Қазақстан кинематографистері одағының "Құлагер-2019" сыйлығына ие болды. Келесі жылдың басында фильм Бангладеште өтетін халықаралық кинофестивальге қатысады. 

"Қазақ хандығы. Алтын тақ"

Бұл -"Қазақ хандығы. Алмас қылыш" хикаясының жалғасы. Кинотуындының алғашқы бөлімінде Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр хандығынан бөлініп, жаңа мемлекетті құрғаны жайында баяндалса, жаңа фильмде Шайбани мемлекетінің патшасы Әбілхайырдың қазасы, Сығанақтың қазақ хандығына қарауы, Керей ханның қайтыс болуы және таққа Жәнібек сұлтанның отыруы сияқты тарихи оқиғалар көрсетіледі.

Фильмнің бас продюсері Арман Әсеновтың айтуынша,  бірінші маусыммен салыстырғанда екінші фильм әлдеқайда қызығырақ, динамикасы жағынан жылдам, экшн көп.

"Томирис"

Қыркүйектің соңында "Томирис" фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм мәдениет және спорт минстрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді. Жобаның құны - 2 миллиард 259 миллион теңге. 

Режиссер Ақан Сатаевтың айтуынша, фильм екі жарым жыл түсірілді. Сценарий Геродоттың нұсқасы негізінде жазылды. Алайда Иранда оны мойындамайды екен.

Фильмде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсынның негізгі мамандығы - психолог. Өзі киноға алғаш рет түсті. Алайда режиссер оның образға кіру қабілетін жоғары бағалап, жаңа жұлдызға айналатынына сенім білдірді. Тұрсын трюктарды өзі орындап, бір рет аяғын да сындырып алған. Фильм кейіпкерлері көне түркі және көне парсы тілдерінде сөйлейді.

Биыл "Томирис" фильмі үшін Ренат Гайсин үздік композитор атанып, Қазақстан кинематографистер одағының сыйлығына ілікті.  Ал депутат Сауытбек Әбдірахманов массагеттердің ғажайып ерлігіне арналған монумент орнатуды ұсынды. Себебі дәл осы шайқас әлемнің тарихын түбегейлі өзгертті.

"Жақсылық"

Фильмде қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтың өмірлік жолы баяндалады. Жанры – спорттық драма. Қоюшы режиссер – Бақыт Қайырбеков.

Айта кетейік, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы осы фильмге кастинг жариялағанда жобаның атауы "Жеңімпаз" болған.

Фильмнің продюсері Тасболат Мерекенов "Жақсылық" үшін "Құлагер-2019" сыйлығымен марапатталды.

"Әруақ"

Фильмде басты ролді қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов сомдайды. Бұл -оның өз идеясы.

"Әруақ" фильмі Ағатай есімді қарттың өмірімен байланысты өрбиді. Фильмге өз ортасынан безіп, әйелі қайтыс болғаннан кейін далаға барып тұруды көздеген қарт кісінің өмірі арқау болады. Әйтсе де данагөй, пәлсапашының жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оның өмірін түбегейлі өзгертіп жібереді.

Картинаның режиссері – Қуат Ахметов. Фильм 2018 жылы өндіріске жіберіліп, былтыр көктемде аяқталған. Түсірілімдер Алматы облысында, Іле өзені жағалауында өткен.

Фильмнің сценарийін түркі елдерінің ертегілері мен аңыз-әңгімелері желісі бойынша Қуат Ахметов пен Одильша Агишев жазып шыққан.

414
Кілт сөздер:
қазақ киносы
Тақырып бойынша
"Назарбаева туралы емес": Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильмі жайлы не ойлайтынын айтты
"Әміре" фильмі Голливудте үздік деп танылды
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
Нұртас Адамбайдың фильмі АҚШ-та 3 жүлдені жеңіп алды
"Томирис" фильмінің актері халықтан көмек сұрады
Әнші Димаш Құдайберген мен актер Джеки Чан

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады

592
"Авангард" деп аталатын фильмнің премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады.

"Жақын күндері Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Авангард: Арктикалық қасқырлар" премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.

Оқи отырыңыз: "Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Фильмде "Авангард" тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.

592
Кілт сөздер:
жаңа фильм, Джеки Чан, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

62
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

62
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

0
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды