Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаев

"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды

23339
Вице-премьер мәдениет министрлігіне әкімшілік ресурстарды пайдаланып, әкімдіктермен бірге жастарды театр мен кітапханаға "тартуды" тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаев фонограммамен өнер көрсететін қазақстандық әншілерді сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әннің тәрбиелік мәні болуы керек. Шығарма Отанды, ұлтты сүюге баулуы тиіс. Шәмшінің әндері неге өлмейді? Өйткені әр әнінің терең мағынасы бар", - деп атап өтті вице-премьер.

Осы ретте Сапарбаев қазіргі әндерге көңілі толмайтынын жеткізді.

"Фонограмма жайлы да талай айттық. Соңғы кездері қобыз бен домбыраны фонограммаға қойып тартатын болды. Бұл музыка аспаптарын қорлау ғой. Қобыздың да, домбыраның да өз үні болады емес пе? Мына заманда тәрбие беру ісінің маңызы зор. Өнердің осы жағына көңіл бөлмесек, соңы жақсы болмайды", - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев мәдениет министрлігі басшылығының назарын кино саласындағы проблемаларға аударды. Оның пікірінше, еліміздің киноэкраны мағынасыз картиналарға толған.

Оқи отырыңыз: Мамандар қазақ эстрадасында фонограммасыз ән айтатын әншілерді атады

Бұған дейін Бердібек Сапарбаев жастар театр мен кітапханаға баруды сиреткенін айтқан болатын. Осыған байланысты вице-премьер мәдениет министрлігіне әкімшілік ресурстарды пайдаланып, әкімдіктермен бірге жастарды театрлар мен кітапханаларға "тартуды" тапсырды.  

23339
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, әншілер, фонограмма
Тақырып бойынша
Тоқаевтың ұсынысы Қыдырәлі Болмановтың күлкісін келтірді
Айқын Төлепберген концерт алдында ауырып қалды
Роза Рымбаева: фонограммамен ән айтсам, қара жерге кірейін
Танымал әнші журналистикаға бет бұрды
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
Гүлдер, архивтегі сурет

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері қайтыс болды

12425
(Жаңартылды 17:34 17.05.2020)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зұлқаш Чапай елдегі режиссура мен актерлік шеберліктің дамуына сүбелі үлес қосты

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайракері, режиссер Зұлқаш Чапай 82-ге қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театры хабарлады.

"Абызымыздан айырылдық, Атырау облысының, Исатай ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының режиссері, актері, Қазақ өнеріне өзіндік айшықты қолдаңбасымен танылған өнер иесі, тұлға - Зұлқаш Чапай дүниеден озды", -деп жазылған театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭𝙈𝙖𝙠𝙝𝙖𝙢𝙗𝙚𝙩 𝙩𝙚𝙖𝙩𝙧𝙮🎭 (@atyrau_mahambet_teatr)

Марқұмның жаназасы ертең, жексенбі 17 мамыр, сағат 9.00-де өз шаңырағында оқылатыны айтылған.

Зұлқаш Чапай 1938 жылы 23 желтоқсанда Орпа ауылында туған. 1961 жылдан бастап Алматының балалар мен жасөспірімдер театрына актер болып жұмыс істеді. Ш.Айтматовтың "Арманым, Әселім" спектакліндегі Ілияс рөлімен Бүкілодақтық театрлар байқауында жүлдеге ие болған.

1971 жылы белгілі режиссер Мәмбетов Зұлқаш Чапайды Жүргенов атындағы өнер институтының режиссерлер даярлайтын факультетіне шақырды. Институтты 1976 жылы бітіріп шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭𝙈𝙖𝙠𝙝𝙖𝙢𝙗𝙚𝙩 𝙩𝙚𝙖𝙩𝙧𝙮🎭 (@atyrau_mahambet_teatr)

1988 жылы "Қазақстанның еңбегі сіңірген өнер қайраткері" атағына ие болды. 1989 – 1991 жыл аралығында Москвадағы "Вахтангов" театрында режиссер Фоменконың класында өнерін жетілдірген. Осы жылдар аралығында Әуезов театрының шақыртуымен Жағановнның "Жан алқымда" және Самтаевтың "Жұлдызым менің жоғары" атты пьесаларын сахнаға даярлады.

12425
Кілт сөздер:
еңбек сіңірген қайраткер, актер, қазақстандық режиссер
Тақырып бойынша
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова өмірден озды
Алматыда Қасым Бегалин қайтыс болды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Әлия Назарбаеваның бұрынғы күйеуі қайтыс болды
Әнші Марат Омаровтың анасы қайтыс болды
Азамат Жылтыркөзов

"Чайковский.Online": Қазақстан мен Ресей әртістері халықаралық жобаға қатысады

126
(Жаңартылды 12:58 06.05.2020)
Композитор Петр Чайковскийдің туындыларын сүйіп тыңдайтындар онлайн-режимінде концерт көре алады. Концерттік бағдарламаға қазақстандық және ресейлік әртістер қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Белгілі композитор Петр Чайковский шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады. Жобаға Қазақстан мен Ресей әртістер қатысады. Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған концерт онлайн режимде өтеді. 

"Чайковский. Online" халықаралық жобасы аясында "Астана Опера" театрының әртістері өнер көрсетеді. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі, Қазақстандағы Ресей елшілігінің мен "Русское исполнительское искусство" қоры қолдау көрсетеді.

Скрипач Максим Венгеров
предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Белгілі композитор Петр Чайковский шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады

Орыс романстарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опералық әнші, баритон Азамат Жылтыркөзов орындайды.

"Биыл Петр Чайковскийдің 180 жылдық мерейтойы. Біз әріптестерімізбен бірге осы датаны атап өтуден тыс қалмадық. Мен концертте ұлы композитордың он романсын орындаймын. Тыңдарман "Растворил я окно", "То было раннею весной", "Благословляю вас, леса", "Нам звезды кроткие сияли" романстарын тыңдай алады", - деді әртіс.

Жобаға қатысушылар арасында "Астана Опера" опера труппасының бас концертмейстері, пианист  Елена Сахно, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, профессор Валерий Ворона, скрипкашы, дирижер, "Грэмми" премиясының екі мәрте лауреаты Максим Венгеров, Ресейдің халық әртісі, пианист, профессор Владимир Овчинников, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, виолончелші Борис Андрианов қатысады.

Виолончелист Борис Андрианов
предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Андрианов

Концерттік бағдарламадан бөлек, театрдың репертуары 2019 жылы "Евгений Онегин" операсы енгенін атап өту керек.

"Чайковский. Online" концертінің премьерасы 7 мамыр күні сағат 20:00-де "Астана Операның" YouTube-каналында болады.

126
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

0
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

0
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы