Мәдениет

"Бір адамның "тапсырысы": Крутой Димаш жайлы қауесеттерге жауап берді

© Sputnik / Григорий СысоевПевец Димаш Кудайберген и Игорь Крутой
Певец Димаш Кудайберген и Игорь Крутой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Игорь Крутой Димаш Құдайбергенмен бірге 18 сәуірде Алматыда өтетін бірлескен концертке дайындалып жатқанын хабарлады 

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Композитор және продюсер Игорь Крутой Димаш Құдайбергенмен жұмысын тоқтатқаны туралы қауесетке түсініктеме берді. Ресей композиторы фейктерді тарату әлдекімдерге тиімді екенін атап өтті.

"Саржағал" баспасөзді оқымаңыздар. Оның үстіне бұл бір адамның "тапсырысы", - деп жазды Крутой.

Ол Димашпен бірге бірқатар концертке дайындалып жатқанын айтты: 8 наурызда Ресей астанасында Валентин Юдашкиннің кутюрье шоуы өтеді, ал 9 наурызда Димаш Мәскеуде жеке концертін береді.

"18 сәуірде Алматыда өтетін бірлескен концертке және тамыздың соңында Қазанда өтетін "Новая волнаға" дайындалып жатырмыз", - деп хабарлады Крутой.

© Photo : Instagram / igorkrutoy65Игорь Крутойдың әлеуметтік желідегі түсініктемесінің скриншоты
Бір адамның тапсырысы: Крутой Димаш жайлы қауесеттерге жауап берді - Sputnik Қазақстан
Игорь Крутойдың әлеуметтік желідегі түсініктемесінің скриншоты

Пікір білдірген желі қолданушылары Крутойдан "Димаш фонограммамен ән сала ма?" деп сұрады.

"Димаш тек жанды дауыста айтады", - деп жауап берді композитор.

Димаш туралы фейк

Желіде Димаш Ресей атынан Евровидение байқауына қатысуға үміткерлер шорт-парағына кірді деген сыбыс тарады. Бұл ақпаратты "ДимашАли" шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова жоққа шығарды.

Димаш Ресей атынан Евровидение байқауына қатыса ма?

"Желіде Димаш Евровидение байқауына қатысады деген кезекті фейк тарады. Яғни, өтініш берді, шорт-параққа кірді және тағы басқа. Мен бұл ақпаратты жоққа шығарамын. Димаш Құдайберген Евровидение байқауына қатыспайды. Қазір ол Ресей мен Еуропада өтетін концерттеріне дайындалып жатыр", - деді Жанғазинова.

Айта кетейік, Димаш Ресей мен Еуропада 11 концерт беруге дайындалып жатыр. Әншінің туры 16 ақпан күні Краснодар қаласынан басталады.
 

Жаңалықтар
0