Айтыс

"45 көлік мінген": Айнұр Тұрсынбаевадан да көп көлік ұтқан ақынның аты аталды

8188
(Жаңартылды 14:03 07.02.2020)
Жүрсін Ерман 97 жылдың қазан айынан бері 300-дей жеңіл көліктің өзі немесе соның құны ақындарға берілгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Халықаралық жыршы, термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман айтысты ұйымдастыруға кететін шығындар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізі құнды жүлде тігілетін айтыстар 97 жылдың қазан айында басталды. Сол кезде "Хабар" арнасының директоры Дариға Назарабаева болатын. Екеуміз ауызша келісім жасап, айтыстың жаңа кезеңін бастап кеттік. Содан бері 300-дей жеңіл көліктің өзі немесе соның құны ақындарға берілді", - деді Ерман астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда одақ басшысы ең көп көлік ұтқан айтыскерлерді де атады.

"Арамызда 45 көлік мінген ақындарымыз бар. Ол – Аманжол Әлтаев. 35 көлік мінген Айнұр Тұрсынбаева да бар. Бұдан бөлек, бестен-оннан көлік мінген ақындарымыз бар", - деп атап көрсетті Ерман.

Оның айтуынша, бұған дейін айтысты өткізу үшін демеушілерді іздеп, жүлде тағайындайтын. Бүгінде жағдай өзгерді. Себебі "Nur Otan" партиясы айтысты өз қамқорлығына алды. 

"Арам ойым болған жоқ": Айнұр Тұрсынбаева не үшін кешірім сұрағанын айтты

"Өткендегі айтысты да, "Алтын домбыраны" да, осы айтысты да мәдениет және спорт министрлігі қаржыландырып отыр. Мысалы, "Алтын домбыраға" 30 миллион теңге көлемінде шығын шықты. Ол жүлде ғана емес. Ақындардың келіп кететін жол пұлы, жататын орны, ішетін тамағы, сахнаны безендіру – бұның барлығы қымбат нәрсе", - деп атап көрсетті Ерман.

8188
Кілт сөздер:
айтыс, Жүрсін Ерман, айтыскер ақын
Тақырып бойынша
"Отыз жыл Айнұрдан жеңіліп келе жатырмын" Балғынбек Имашев неге олай айтты?
VII "Алтын домбыра" кімге бұйырды?
Жүрсін Ерман айтысқа қатысты: Елбасы маған жеке тапсырма берді
"Сақалға бола сектаға қоспа" Балғынбек Имашев сырын айтам деп шынын айтты - видео
Балғынбек Имашев айтыстағы "әділетсіз" қазылар туралы айтып берді
Балғынбек Имашев айтыста ұтқан көліктері мен үйлері туралы айтты
Қазақстандық бүлдіршіндердің айтысы жұртты күлкіге қарық қылды – видео
Домбыра, архивтегі сурет

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра тартты видео

294
(Жаңартылды 14:29 05.07.2020)
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбырамен қазақтың күйлерін тартып, мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбыра тартып үйренді. Ол дипломаттар халық аспабын жақсы көретінін және бағалайтынын атап өтті.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ұжымы атынан сіздерді тек Қазақстанда ғана бар бірегей мереке – Домбыра күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сырт көзге қарапайым көрінген музыкалық аспаптың киелі үнінде қазақ халқының рухы мен сан ғасырлық даналығы жатыр", - деді Суворов.

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра шертуді бір жыл ішінде үйреніп алған. Музыкалық аспап Ресей мен Қазақстан халықтарын етене байланыстырады, деп атап өтті ол.

"Біз, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің дипломаттары домбырада ойнағанды жақсы көреміз. Орыс халық әуендері мен қазақтың күйлері домбыра үнімен қалай үйлесетінін тыңдап көріңіздер", - деді ол.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

294
Кілт сөздер:
Ресей елшілігі, домбыра күні
Тақырып бойынша
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұлттық домбыра күні

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

180
Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.  

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.

"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев. 

Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер

Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

180
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, домбыра күні
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты