Жүрсін Ерман

Жүрсін Ерман неден қауіптеніп отырғанын айтты

8077
(Жаңартылды 20:35 07.02.2020)
Ертең, 8 ақпанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында "Адамзаттың алыбы – хәкім Абай" атты республикалық ақындар айтысы өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Халықаралық жыршы, термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман айтыстың жаңа дәуірін бастауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз айтыстың жаңа дәуіріне өтудің амалын жасап жатырмыз. Жалпы, соңғы жылдары айтысты кішкене табиғи қалпынан шығарып алдық па деген қауіп бар. Бұған дейін 60-70 ақын бас қосып, ақылдасып, айтыстардың шынайылығына қол жеткізейік деп, жаңа ережесін бекіткен болатынбыз. Енді, ертеңгі айтыс қалай өтеді деп, өзіміз де қобалжып отырмыз", - деді Ерман астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, астанада өтетін айтыстың басты ерекшелігі сол, шынайылығына, суырып салма қасиетіне басымдық беріледі. Бұрын ақындарды алдын ала жұптап қоятын. Содан барлығы кіммен айтысатынын біліп отырды.

"Ақындар дайындалып келетін. Сол кезде қанша сездірмеймін десе де, кішкене жаттандылық бар екенін сіздер де, бізде де жақсы білеміз. Соған жол бермеу үшін ертең бірінші рет ақындарды халықтың алдында жұптайын деп отырмыз. Заманауи технологияларды енгізіп, лототрон сияқты жәшік қоямыз да, әрбір ақынның атын жазып, бөлек-бөлек шарларға саламыз. Біздің қыздар айналдырып тұрады. Залдан кез келген көрермен шығып, екі шарды алып шығады. Сөйтіп, ақындарды жұптайды", - деді Ерман.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа ереженің арқасында ұзын сонар жаттанды айтысқа жол берілмейді. Ақындар суырып салма және аяқ астынан сөз табу арқылы үш-төрт шумақпен қайымдасып айтысады.

"Сосын қазылар алқасы ұпайды санмен көрсетіп отырмайды. Әрбіреуінің алдында екі батырма болады. Біреуі қызыл, біреуі көк. Қай ақынға көбірек көк шам жанады, сол сөзсіз айтыстың келесі айналымына өтеді", - дейді Ерман.

Тағы оқыңыз: Жүрсін Ерман: елімізді әйел басқаратындай не күн туды?!

Айта кетейік, ақындар айтысы елорданың "Астана-концерт" залында өтеді. Бұл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясындағы басты айтыс болады. Барлығы 16 ақын қатысады. Олардың ішінде Еркебұлан Қайназаров, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Әсем Ережеқызы сынды айтыскерлер бар.

8077
Кілт сөздер:
ереже, айтыс, Жүрсін Ерман
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (57)
Тақырып бойынша
"45 көлік мінген": Айнұр Тұрсынбаевадан да көп көлік ұтқан ақынның аты аталды
"Бас жарып, көз шығару емес". Жүрсін Ерман айтыстың негізгі мақсатын түсіндірді
Өскеменде ғайыптан пайда болған ақын елді "шулатып" жатыр – видео
Жүрсін Ерман айтысқа қатысты: Елбасы маған жеке тапсырма берді
Жүрсін Ерман Елбасыға: айтыс ақындарының арқасынан қағып қойсаңыздар
Әнші Димаш Құдайберген мен актер Джеки Чан

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады

562
"Авангард" деп аталатын фильмнің премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады.

"Жақын күндері Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Авангард: Арктикалық қасқырлар" премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.

Оқи отырыңыз: "Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Фильмде "Авангард" тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.

562
Кілт сөздер:
жаңа фильм, Джеки Чан, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

61
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

61
Түнгі клуб

Нұр-Сұлтанда түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

0
Бұған дейін 25 жастағы бойжеткенге заң бұзғаны үшін ескерту жасалып, тіпті жауапкершілікке де тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елордада карантиндік шараларды бірнеше рет бұзғаны үшін 25 жастағы түнгі клуб әкімшісі бір тәулікке қамауға алынды. Полицейлердің хабарлауынша, тыйым салынғанына қарамастан 30-ға жуық азамат клубта бас қосып, ереже бұзғаны анықталған.

Ал түнгі клубтың әкімшісі бұған дейін де Әкімшілік кодексті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, аталған клубта сауық кеші ұйымдастырылған.

Осы жағдайға байланысты тиісті материалдар жиналып, сотқа жолданған. Сот үкімімен бойжеткен бір тәулікке қамауға алынды.

Сонымен қатар, карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, "Алматы" ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалау басқармасына жіберілді.

Оқи отырыңыз: Петропавлда түнгі клуб жанында екі қызды қағып кеткен байдың баласы ұсталды

Полиция өкілдері қала тұрғындарына ойын-сауық мекемелерінде коронавирусты жұқтыру қаупі артқанын ескертеді.

0
Кілт сөздер:
қамауға алынды, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қыркүйек соңында карантин күшейе ме – бас санитар дәрігер жауабы
Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді  
Түнгі клуб алдында көлік қағып, комаға түскен әйел көз жұмды
Маңғыстау облысында той өткізген шенеунік жазаланады
Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты