Режиссер Тимур Бекмамбетов

Әлемде алғаш рет болады Бекмамбетов жоспарын бөлісті

2150
(Жаңартылды 18:55 14.02.2020)
Блокбастер соғыс кезінде неміс тұтқынында болып, жаудың ұшағымен қашқан ұшқыш туралы болады. Басты рөлді Шымкент қаласының тумасы сомдайды

АЛМАТЫ, 14 ақпан — Sputnik. Белгілі қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетов әлемдегі бірінші вертикалды форматтағы блокбастер түсіреді.

Фильм "V2. Escape From Hell" ("Тозақтан қашу") деп аталатын болады. Картина ұшқыш Михаил Девятаевтың ерлігіне арналады, деп жазды Deadline басылымы.

Туынды шынайы оқиға желісіне негізделген. Фильмде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс тұтқынына түсіп, жаудың ұшағымен қашқан ұшқыш Михаил Девятаевтың оқиғасы баяндалады. Басты рөлді Шымкент қаласының тумасы Павел Прилучный сомдайды.

Тағы оқыңыз: Тимур Бекмамбетов өзінен 29 жас кіші қызға үйленді

"Бұл қиындыққа қарамастан, мойымаған жанның оқиғасы. Сондай-ақ, көкте самғаған ұшақ жайлы", - деді режиссер Тимур Бекмамбетов.

Фильм ең алдымен, смартфон аудиториясына негізделген. Ағыл және орыс тілінде экранға шығады. Фильмнің бюджеті -  10 миллион доллар. Кинокартина 2021 жылдың басында көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр.

 

2150
Кілт сөздер:
фильм, жоспар, Тимур Бекмамбетов, әлем
Тақырып бойынша
"Өзге ұлтта дұшпаным жоқ, қазақтардың ісі": танымал актер атышулы видео жайлы айтты
"13 жыл бойы кездесіп жүрген": танымал актер мен әнші отау құрды - фото
Аян Өтепбергенмен сұхбат: актер неге өкінетіні, кемшілігі және отбасы туралы айтты
Аты аңызға айналған актер өмірден озды
Ұшақтағы жанжал: актер әйелінің желіні дүрліктірген әрекетін түсіндірді
Гүлдер, архивтегі сурет

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері қайтыс болды

12428
(Жаңартылды 17:34 17.05.2020)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зұлқаш Чапай елдегі режиссура мен актерлік шеберліктің дамуына сүбелі үлес қосты

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайракері, режиссер Зұлқаш Чапай 82-ге қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театры хабарлады.

"Абызымыздан айырылдық, Атырау облысының, Исатай ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының режиссері, актері, Қазақ өнеріне өзіндік айшықты қолдаңбасымен танылған өнер иесі, тұлға - Зұлқаш Чапай дүниеден озды", -деп жазылған театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭𝙈𝙖𝙠𝙝𝙖𝙢𝙗𝙚𝙩 𝙩𝙚𝙖𝙩𝙧𝙮🎭 (@atyrau_mahambet_teatr)

Марқұмның жаназасы ертең, жексенбі 17 мамыр, сағат 9.00-де өз шаңырағында оқылатыны айтылған.

Зұлқаш Чапай 1938 жылы 23 желтоқсанда Орпа ауылында туған. 1961 жылдан бастап Алматының балалар мен жасөспірімдер театрына актер болып жұмыс істеді. Ш.Айтматовтың "Арманым, Әселім" спектакліндегі Ілияс рөлімен Бүкілодақтық театрлар байқауында жүлдеге ие болған.

1971 жылы белгілі режиссер Мәмбетов Зұлқаш Чапайды Жүргенов атындағы өнер институтының режиссерлер даярлайтын факультетіне шақырды. Институтты 1976 жылы бітіріп шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭𝙈𝙖𝙠𝙝𝙖𝙢𝙗𝙚𝙩 𝙩𝙚𝙖𝙩𝙧𝙮🎭 (@atyrau_mahambet_teatr)

1988 жылы "Қазақстанның еңбегі сіңірген өнер қайраткері" атағына ие болды. 1989 – 1991 жыл аралығында Москвадағы "Вахтангов" театрында режиссер Фоменконың класында өнерін жетілдірген. Осы жылдар аралығында Әуезов театрының шақыртуымен Жағановнның "Жан алқымда" және Самтаевтың "Жұлдызым менің жоғары" атты пьесаларын сахнаға даярлады.

12428
Кілт сөздер:
еңбек сіңірген қайраткер, актер, қазақстандық режиссер
Тақырып бойынша
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова өмірден озды
Алматыда Қасым Бегалин қайтыс болды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Әлия Назарбаеваның бұрынғы күйеуі қайтыс болды
Әнші Марат Омаровтың анасы қайтыс болды
Азамат Жылтыркөзов

"Чайковский.Online": Қазақстан мен Ресей әртістері халықаралық жобаға қатысады

126
(Жаңартылды 12:58 06.05.2020)
Композитор Петр Чайковскийдің туындыларын сүйіп тыңдайтындар онлайн-режимінде концерт көре алады. Концерттік бағдарламаға қазақстандық және ресейлік әртістер қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Белгілі композитор Петр Чайковский шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады. Жобаға Қазақстан мен Ресей әртістер қатысады. Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған концерт онлайн режимде өтеді. 

"Чайковский. Online" халықаралық жобасы аясында "Астана Опера" театрының әртістері өнер көрсетеді. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі, Қазақстандағы Ресей елшілігінің мен "Русское исполнительское искусство" қоры қолдау көрсетеді.

Скрипач Максим Венгеров
предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Белгілі композитор Петр Чайковский шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады

Орыс романстарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опералық әнші, баритон Азамат Жылтыркөзов орындайды.

"Биыл Петр Чайковскийдің 180 жылдық мерейтойы. Біз әріптестерімізбен бірге осы датаны атап өтуден тыс қалмадық. Мен концертте ұлы композитордың он романсын орындаймын. Тыңдарман "Растворил я окно", "То было раннею весной", "Благословляю вас, леса", "Нам звезды кроткие сияли" романстарын тыңдай алады", - деді әртіс.

Жобаға қатысушылар арасында "Астана Опера" опера труппасының бас концертмейстері, пианист  Елена Сахно, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, профессор Валерий Ворона, скрипкашы, дирижер, "Грэмми" премиясының екі мәрте лауреаты Максим Венгеров, Ресейдің халық әртісі, пианист, профессор Владимир Овчинников, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, виолончелші Борис Андрианов қатысады.

Виолончелист Борис Андрианов
предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Андрианов

Концерттік бағдарламадан бөлек, театрдың репертуары 2019 жылы "Евгений Онегин" операсы енгенін атап өту керек.

"Чайковский. Online" концертінің премьерасы 7 мамыр күні сағат 20:00-де "Астана Операның" YouTube-каналында болады.

126
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

368
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

368
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды