Роза Рымбаева

Роза Рымбаева тікелей эфирде концерт береді

174
(Жаңартылды 13:06 26.03.2020)
Көрермендер тікелей эфир арқылы әртіске сауал қоя алады. Концерт YouTube-та көрсетіледі. Сондай-ақ, Facebook және Instagram парақшаларында да трансляция жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тікелей эфирде концерт береді. Әншінің кешін 26 наурыз күні сағат 21.00-де YouTube-тан тамашалауға болады.

"Қазақтелеком" мен мәдениет және спорт министрлігі бірлесе "Карантиндегі жұлдыз" жобасын іске қосты. Live режиміне Жұбаныш Жексенұлы мен Жеңіс Сейдоллаұлы шыққан болатын.

Концерт Қазақтелекомның YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі. Көрермен пікір қалдыру арқылы жұлдызға сауал жолдай алады. Сондай-ақ, Facebook және Instagram парақшаларында да трансляция жасалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

26 наурыз, бейсенбі күні сағат 21.00-де Роза Рымбаеваның концерті болады. Идеяны Димаш Құдайберген, Мейрамбек Бесбаев, Төреғали Төреәлі және өзге де әртістер қолдады. Олардың қай уақытта концерт өткізетіні кейінірек белгілі болады.

Коронавирус індетіне байланысты әлемде жаппай шараларды өткізуге тыйым салынды. Музыканттар онлайн концерт өткізе бастады. Coldplay, One Republic, "Би-2",  Джон Ледженд сынды әртістер өз тыңдарманын тікелей эфирдегі концертімен қуантып үлгерді.

174
Кілт сөздер:
карантин, концерт, тікелей эфир, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті
Роза Рымбаева: фонограммамен ән айтсам, қара жерге кірейін
"Миынан ісік табылды..." Роза Рымбаева сұқбат кезінде жылап қалды
Рымбаева бетіне жасалған пластикалық ота туралы айтты
Домбыра, архивтегі сурет

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра тартты видео

103
(Жаңартылды 14:29 05.07.2020)
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбырамен қазақтың күйлерін тартып, мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбыра тартып үйренді. Ол дипломаттар халық аспабын жақсы көретінін және бағалайтынын атап өтті.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ұжымы атынан сіздерді тек Қазақстанда ғана бар бірегей мереке – Домбыра күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сырт көзге қарапайым көрінген музыкалық аспаптың киелі үнінде қазақ халқының рухы мен сан ғасырлық даналығы жатыр", - деді Суворов.

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра шертуді бір жыл ішінде үйреніп алған. Музыкалық аспап Ресей мен Қазақстан халықтарын етене байланыстырады, деп атап өтті ол.

"Біз, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің дипломаттары домбырада ойнағанды жақсы көреміз. Орыс халық әуендері мен қазақтың күйлері домбыра үнімен қалай үйлесетінін тыңдап көріңіздер", - деді ол.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

103
Кілт сөздер:
Ресей елшілігі, домбыра күні
Тақырып бойынша
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұлттық домбыра күні

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

118
Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.  

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.

"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев. 

Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер

Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

118
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, домбыра күні
Дәріхана, архивтегі сурет

COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты

226
Министр қазіргі уақытта көптеген адамдар дәрігерден кеңес алмай, өзін-өзі емдеумен айналысып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5  шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынын айықтырмайтынын дәрілерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мысалы, қазір бәрі "Цефтриаксон" деген бактерияға қарсы препаратты іздейді. Алайда Қазақстанда осы дәрінің 30-ға жуық атауы тіркелген. Соның ішінде "Цефаксон", "Аксон", "Белацеф", "Севацеф", "Сертоцеф", "ЦЕФ-триаксон", "Ротацеф", "Медаксон", "Зибан", "Цефасон", "Рацифин" және тағы басқа аналогтар бар", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, вирусқа қарсы препараттар да солай. Қазір көбі "Ингавирин" іздейді. Алайда осы іспетті 23 аналог бар. Олар – "Кагоцел", "Грипповир", "Пановир", "Арбидол", "Амиксин", "Тамифлю", "Ремантадин", "Флустоп", "Намидес", "Арпефлю" және тағы басқа дәрігер. 

"Вирусқа қарсы препараттар көп. Алайда ол дәрілер коронавирусты емдеу схемасына кірмейді. Қазір халық оның бәрін жаппай сатып алып жатыр. Бірақ онымен коронавирус инфекциясы емделмейді. Ондай дүрбелең туғызбау қажет. Себебі адамдар дәрігерлерден кеңес алмай, ол препараттарды сатып алады да, өзін-өзі емдеумен айналысады. Оның коронавирусқа қарсы көмегі болмайды", - деп атап көрсетті Цой.

226
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы