Максим Горький пьесасының желісі бойынша Әке қойылымы

Жаңа жоба: театрлардың үздік қойылымдары онлайн көрсетіледі

50
(Жаңартылды 14:01 27.03.2020)
Бүгін – Дүниежүзілік театр күні. Осыған орай, "Россотрудничество" ұйымының өкілдігі, Sputnik Қазақстан және қазақстандық театрлар жаңа онлайн-жобаны іске қосты

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Театрлардың қатысуымен іске қосылған жаңа онлайн-жоба мектеп оқушылары үшін қашықтан оқу кезеңінде қосымша білім көзі болады. Жоба 7 сәуірден жүзеге асырыла бастайды. 

Sputnik Қазақстан сайты мен жеті театрдың әлеуметтік желілерінде үздік қойылымдардың видеожазбасын көруге мүмкіндік жасалады.  

"Театрлар арнайы роликтер дайындайды. Ол жерде жетекші актерлер орыс, қазақ және шетел жазушылары мен драматургтерінің шығармаларын орындайды және көрсетеді. Ең алдымен мектеп бағдарламасына кіретін романдар, повестер, пьесалар, поэмалар орындалады", - дейді "Россотрудничество" өкілдігіндегілер. 

Жоба 7 сәуірде іске қосылады. Трансляциялардың бағдарламасы жақын арада "Россотрудничество" ұйымы өкілдігінің сайтында жарияланады.

Сонымен қатар, бұл жоба Sputnik Қазақстанның "Театр және жастар" кең ауқымды интерактивті жобасының жалғасы іспетті.

"Бұл жобаның мақсаты – балаларға карантин күндерінде жақсы көңіл-күй сыйлау, сонымен қатар алдағы емтихан, байқау, олимпиадаларға дайындалуға көмектесу, әдеби туындылардың мазмұнын тереңірек түсініп, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған", - дейді ұйымдастырушылар. 

Акция серіктестері - Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агентті мен "Комсомольская правда" және "Аргументы и Факты" басылымдарының редакциялары.

Онлайн-жобаға қатысушы театрлар

Ақмола облыстық орыс драма театры

YouTube 

Instagram 

М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Ресми сайт

Facebook

Instagram

YouTube

ВКонтакте

С.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры

Ресми сайт

YouTube

Қостанай облыстық орыс драма театры

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Ресми сайт

Facebook

ВКонтакте

Instagram

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры

Ресми сайт

Facebook

Instagram

ВКонтакте

Шымкент қалалық орыс драма театры

Ресми сайт

ВКонтакте

Facebook

Instagram

YouTube

50
Кілт сөздер:
театр, қойылым
Тақырып бойынша
Мәскеу театры қазақша сөйледі
Әнші Димаш Құдайберген мен актер Джеки Чан

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады

583
"Авангард" деп аталатын фильмнің премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады.

"Жақын күндері Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Авангард: Арктикалық қасқырлар" премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.

Оқи отырыңыз: "Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Фильмде "Авангард" тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.

583
Кілт сөздер:
жаңа фильм, Джеки Чан, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

61
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

61
Ребенок у окна, архивное фото

Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды

0
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде баланы сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

2020 жылдың наурызында Ақтөбе облысындағы "Шағала" шипажайының 58 жастағы тәрбиешісі баланы сүлгімен ұрып-соққаны жария болған еді. Сол жердегі баланың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, ал оны ата-анасы әлеуметтік желіде жариялады. Бұл шипажайда туберкулезбен ауыратын балалар оңалтудан өтеді.

Видеода балалардың еденде отырғанын, ал ақ халат киген әйелдің бір баланы сүлгімен ұрғанын көруге болады. Бала жыласа да, әйел оны бірнеше рет ұрған. Басқа балалар да "бізді аяқ киіммен де ұрады" дейді.  

Видео жарияланғаннан кейін шипажайға полиция мен прокуратура қызметкерлері барған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті 

Тергеу барысында тәрбиешінің 20 жылдық жұмыс өтілі бар екені белгілі болды. Оның айтуынша, бала тәрбиешіге тіл тигізген. Содан ашуланып, сүлгімен сабай бастаған.

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал шипажайдың хабарлауынша, баланы ұрған тәрбиеші мен сол жерде әйелді тоқтатпаған екінші тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14-бөлігі бойынша жұмыстан босатылған.

0
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, тәрбиеші
Тақырып бойынша
Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
Студент тәрбиешінің балаларды ұрып жатқанын видеоға түсіріп алды
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео