Мәдениет

"Чайковский.Online": Қазақстан мен Ресей әртістері халықаралық жобаға қатысады

© предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-СултанеПрославленный баритон Азамат Желтыргузов
Прославленный баритон Азамат Желтыргузов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Композитор Петр Чайковскийдің туындыларын сүйіп тыңдайтындар онлайн-режимінде концерт көре алады. Концерттік бағдарламаға қазақстандық және ресейлік әртістер қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Белгілі композитор Петр Чайковский шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады. Жобаға Қазақстан мен Ресей әртістер қатысады. Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған концерт онлайн режимде өтеді. 

"Чайковский. Online" халықаралық жобасы аясында "Астана Опера" театрының әртістері өнер көрсетеді. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі, Қазақстандағы Ресей елшілігінің мен "Русское исполнительское искусство" қоры қолдау көрсетеді.

Орыс романстарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опералық әнші, баритон Азамат Жылтыркөзов орындайды.

"Биыл Петр Чайковскийдің 180 жылдық мерейтойы. Біз әріптестерімізбен бірге осы датаны атап өтуден тыс қалмадық. Мен концертте ұлы композитордың он романсын орындаймын. Тыңдарман "Растворил я окно", "То было раннею весной", "Благословляю вас, леса", "Нам звезды кроткие сияли" романстарын тыңдай алады", - деді әртіс.

Жобаға қатысушылар арасында "Астана Опера" опера труппасының бас концертмейстері, пианист  Елена Сахно, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, профессор Валерий Ворона, скрипкашы, дирижер, "Грэмми" премиясының екі мәрте лауреаты Максим Венгеров, Ресейдің халық әртісі, пианист, профессор Владимир Овчинников, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, виолончелші Борис Андрианов қатысады.

© предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-СултанеРесейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Андрианов
Чайковский.Online: Қазақстан мен Ресей әртістері халықаралық жобаға қатысады - Sputnik Қазақстан
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Андрианов

Концерттік бағдарламадан бөлек, театрдың репертуары 2019 жылы "Евгений Онегин" операсы енгенін атап өту керек.

"Чайковский. Online" концертінің премьерасы 7 мамыр күні сағат 20:00-де "Астана Операның" YouTube-каналында болады.

Жаңалықтар
0