Мәдениет

Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалына өтті

© Photo : предоставлено PR-директором Данэлии Тулешовой Татьяной СиненкоДанэлия Тулешова
Данэлия Тулешова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данэлия Төлешова көрермендердің ерекше қолдауының арқасында әлемдік шоудың финалында өнер көрсететін болды

АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова танымал America's Got Talent телешоуының финалына өтті.

АҚШ-та көрермендер бір тәулік бойы қатысушыларға дауыс берді. Данэлия Төлешова көрерменнің дауыс беру нәтижесі бойынша үздіктер қатарынан көрініп, танымал әлемдік шоудың финалында өнер көрсетуге мүмкіндік алды, деп хабарлады Данэлияның PR-директоры Татьяна Синенко.

"Осы уақытқа дейін мені қолдап келе жатқандардың барлығына алғыс айтамын. Апта ішінде қорытынды шешім шығады, көп жұмыс істеу керек", - деп әсерін бөлісті Данэлия.

Финалға өту үшін үш өнерпаз бәсекеге түсті, Данэлиядан бөлек екі қатысушы бұған дейін "Golden buzzer" (қазылар алқасының арнайы қолдауы) иегері болған еді, алайда көрермендер қазақстандық әншіні қолдады.

America's Got Talent шоуының 15-маусымының финалы 22  қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Айта кетейік, өнер көрсетуге арналған композиция әлі анықталған жоқ.

Өткен кезеңде Данэлия ерекше аранжировкада Jessie J-дің "Who you are" әнін орындады.

"Қазірдің өзінде жұлдызсың": қазылар алқасының бірі Данэлия Төлешованың өнерін бағалады 

Телешоу төрешілерінің бірі, актер Хоуи Мэнделл қазақстандық әншінің өнерін жоғары бағалап, Данэлияның өте талантты екенін және сахнаны сезіп ән салатынын айтты.  

Жаңалықтар
0