Мәдениет

"Ты - супер!" халықаралық ән байқауының төртінші маусымы өтеді

© Photo : NickbarДевочка исполняет песню на сцене
Девочка исполняет песню на сцене - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Музыкалық телебайқау жас орындаушылар үшін тамаша мүмкіндікке жол ашады, өткен маусымның көптеген қатысушысы кәсіби жолын одан әрі жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек -Sputnik. 20 қыркүйекте НТВ телеарнасында Sputnik халықаралық агенттігі мен радиосының қолдауымен туғанынан отбасы жылуын сезбеген дарынды балаларға арналған ән байқауының жаңа маусымы шығады.

Биыл байқауға Ресей, Грузия, Әзербайжан, Абхазия, Қырғызстан, Беларусь, Эстония, Украина және Молдовадан келген 58 бала қатысуда.

Байқау шымылдығының ашылуына аз күн  қалса да, жұмыс қазірдің өзінде қайнап жатыр. 16 қыркүйекте тікелей эфирде жаңа маусымның тұсаукесері өтті.

 "Ты - супер!" шоуының қатысушылары мен көрермендерін "Россия сегодня" ХАА бас редакторы Маргарита Симоньян үлкен қошеметпен қарсы алды.

"Мен бұрынғы Кеңес одағы кеңістігіндегі жастайынан тағдыр тәлкегіне ұшыраған, бірақ ерекше дарынымен көзге түскен балаларды іздеп табуға мүмкіндік беріліп отырғанына қуаныштымын, - деді ол. – Байқау осындай жасөспірімдерге жарқын болашаққа жолдама береді. Бұл оларға бақыт сыйлайды. Сіздер осындай жобаға қатыса отырып, өз өміріңізге басқа қырынан қарайсыздар деп ойлаймын".

"Мен үшін бұл жобаның маңызы орасан", - дейді НТВ телеарнасының бас продюсері Тимур Вайнштейн. – Бұл жоба біз үшін үлкен бір отбасыға айналды. Жоба аясында құрылған қайырымдылық қоры жұмысының арқасында дарынды балаларға жалпы құны 8,5 миллион рубльді құрайтын 45 стипендия беріледі. Кәмелеттік жасқа толғанға дейін біз қатысушылардың әрқайсысын қолдауға тырысамыз".

Байқаудың бұған дейінгі маусымының жеңімпаздары Валерия Адлейба и Диана Анкудинованың көптен күткен арманы орындалды: олар Мәскеу төрінен өз пәтеріне қол жеткізді. Ал өткен маусымның соңында нағыз керемет оқиға болды. Бизнесмен және меценат Михаил Гуцериевтің арқасында Ресей астанасынан барлық 12 финалист пәтер кілтін алды.

Сондай-ақ, Тимур Вайнштейннің айтуынша, барлық дарынды бала жаңа отбасымен қауышқан. Кезінде байқауға қатысқан, бүгінде мектепті тәмамдаған түлектер беделді жоғары оқу орындары мен кәсіби училищелерге оқуға түсуге мүмкіндік алып, өздерін кәсіби тұрғыда жан-жақты дамытып келеді.

"Біз байқаудың жаңа маусымында балалардың шығармашылық жағынан қалай өскенін көрсеткіміз келеді", - деді НТВ өкілі. – Сондықтан, әрбір іріктеу бағдарламасы аясында өз шығармашылығын әрі қарай дамытып жүрген бұрынғы байқаулардың қатысушылары өнер көрсетеді. "Ты – супер!" жобасының бірінші маусымы жарыққа шықпастан бұрын, әлеуметтік бағытқа негізделген жобаның шоу түрінде шығатыны туралы шешім қабылданды. Алайда, біз бұл байқаудың Ресей үшін ғана емес, барлық ел үшін де маңызды оқиға болатынын  білдік. Қазір біздің YouTube-тегі арнамыздың 600-ден астам көрермені бар, рейтингіміз де жоғары".

Шекара асқан дарындар                        

Бұрынғы КСРО аумағындағы дарынды балаларды іздеумен Sputnik агенттігі айналысады. Алайда, биыл карантин шектеулері бұл міндетті біраз қиындатып жіберген екен.

"Әрине, өнерпаз жасөспірімдерді іздеу қиынға соққан жоқ, - деді "Россия сегодня" ХАА қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Петр Лидов-Петровский. – Бірақ, шекара асу кезінде қатысушылар түрлі қиындықтарға тап болды.Мәселен, Эстония елінің қатысушылары бізге Финляндиядан паром арқылы жетті. Қырғызстан мен Әзербайжанның қыздары Стамбулдан ұшақ арқылы ұшып келді. Байқауға Грузиядан қатысуға ниет білдірген тағы бір жасөспірім қыз Оңтүстік Осетияның шекарасы арқылы жаяу өтті. Владикавказдан да ұшып келген қатысушылар болды. Беларусь елінен келген қыз да шекарадан жаяу өтуге мәжбүр болды".

Қазір жоба қатысушылары Мәскеу маңындағы демалыс орнына орналастырылды. Бұл маусымда оларға арналған ойын-сауық шаралары тоқтатылды. Мұның жақсы жағы да бар. Себебі, тәлімгерлердің дәрісін тыңдауға көбірек мүмкіндік алады.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында Диана Арбенина, Алексей Воробьев, әнші Елка, продюсер және композитор Игорь Крутой бар.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған "Ты - супер!" халықаралық ән байқауын НТВ телеарнасы РФ білім министрлігінің қолдауымен Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосымен бірлесіп өткізеді.

Жаңалықтар
0