ҚТЖ

Еліміздің темір жолында ағылшындық модельді бағыттауыш бұрма қолданыла бастады

73
(Жаңартылды 19:10 28.09.2016)
Алматы-1-Шу екінші темір жол желісінде төрт тарапқа бірдей шығатын бағыттауыш бұрмалар қолданыла бастады. Жамбыл жол бөлімшесінің Еспе станциясында "Теміржол жөндеу" ЖШС жаңа бағыттауыш бұрманы орнатты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

АСТАНА, 28 қыр — Sputnik. Алматы-1-Шу екінші темір жол желісінде төрт тарапқа бірдей шығатын бағыттауыш бұрмалар қолданыла бастады. Жамбыл жол бөлімшесінің Еспе станциясында "Теміржол жөндеу" ЖШС жаңа бағыттауыш бұрманы орнатты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

"Қарапайым бағыттауыш бұрмалар қысқа – екі бағытқа ғана арналған. Ал, жаңасы төрт тарапқа бірдей шығады. Мұндай бағыттауышты "англичанка" деп атайды. Себебі, мұны ағылшындар жасап шығарған", — дейді "Теміржол жөндеу" ЖШС бас директоры Искендир Қарсыбеков.

Бетон іргетасына бекітілген бағыттауыш бұрманың салмағы 60 тонна. Мұндай бағыттауыш бұрмалар әлемнің көптеген елдерінде өндірісте табысты қолданылуда. Алдағы уақытта мұндай құрылғыларды Қазақстанның басқа өңірлеріндегі темір жолдарға орнату жоспарланып отыр.

73