Ұлттық банк басшысы валюта нарығындағы тұрақтылық туарлы мәлімдеді

57
(Жаңартылды 16:46 30.09.2016)
Ұлттық банк басшысы валюта нарығындағы тұрақтылық туарлы мәлімдеді

"Мен, өз кезегімде, валюта нарығындағы тұрақтылықты атап өттім, өйткені сыртқы нарықта мұнай бағасы қалыпқа келіп, саудадағы біздің серіктес елдерде ұлттық валюта бағамдары тұрақталды", — деп хабарлады  Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, алдағы уақытта бұл жағдай тұрақты болып қалады деуге толық негіз бар. 

"Осы жылдың басында басталған долларсыздандыру үдерісін, сонымен қатар ұлттық валютадағы депозиттердің өсімін атап өттім. Ол шетел валютасындағы депозиттер бойынша динамикадан біршама асады. Несиелендірудің қалпына келу үдерісі басталып, шағын кәсіпкерлікке берліген несие жыл басынан бері 2,8 триллион теңгеге жетіп, 35%-ға артты", — деді Ұлттық банк басшысы. 

57