Экономика

ЭКСПО нысандарының құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады

Жазылу
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов жылдың соңына дейін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге арналған павильондардың құрылысы аяқталатындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі,

АСТАНА, 30 қыр — Sputnik. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов жылдың соңына дейін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге арналған павильондардың құрылысы аяқталатындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Есімов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және биыл жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Қазан айында павильондар – халықаралық қатысушыларға, ал тұрғын-үйлер делегация мүшелеріне берілетін болады.

Бұдан бөлек, А.Есімов 103 ел мен 17 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатынын растағанын айтты. Секциялардың 98 комиссары тағайындалды. Халықаралық ұйымдармен қоса, 82 ел көрмеге қатысатыны туралы келісімшартқа қол қойды. 61 мемлекет Ұлттық күнін өткізу үшін нақты датаны броньдады.

 

 

Жаңалықтар
0