РФ Президенті Владимир Путин мен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Путинге: сайлау өтті, енді еркінсуге болады

22
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесіп, оны "Единая Россия" партиясының Мемлекеттік думаға өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

АСТАНА, 4 қаз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесіп,  оны "Единая Россия" партиясының Мемлекеттік думаға өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады.  

Путин сейсенбіде өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанның елордасы Астанаға келді. 

"Біз осы жылы сегізінші рет кездесіп отырмыз, әдеттегідей, бұл кездесу де өте маңызды. Мұның барлығы біздің қарым-қатынастарымыз, сенімділік, біздің қолдауымыздың арқасындағы одақтық өзара байланысымыздың тағы бір дәлелі. Мен шын жүректен сізге ризамын Владимир Владимирович, өйткені жұмысбастылықтың қандай екендігін көріп отырмын, бірақ енді, сайлау өткен соң, еркінсуге болады", — деді Назарбаев. 

Өз кезегінде, Путин барлық бағыт бойынша дамып келе жатқан қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың деңгейін атап өтті. "Объективті жағдайлармен байланысты белгілі бір мәселелердің бар екендігін білеміз. Сауда-экономикалық айналымдағы аздаған түзетулерді талап ететін бұл жағдайлардың объективті сипатын көре тұра, біз бұларға назар аударып, бұл жағымсыз жағдайларды жоюдың жолын қарастыруға тиіспіз", — деді Ресей басшысы. 


22
Тақырып:
ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы (8)