Харьков өндіруші-зауытындағы Ан-74 ұшағы

Қазақстан-Украина: әуелі ұшақтар

26
(Жаңартылды 12:28 07.10.2016)
Қазақстан Украинамен жасалған ұшақ құрастыру туралы келісімді әзірше бұзбауға шешім қабылдады.

Астана, 7 қаз – Sputnik. Қазақстан Украинамен жасалған ұшақ құрастыру туралы келісімді әзірше бұзбауға шешім қабылдады, Харьков өндіруші-зауыты 2016 жылы қарашада АН-74 ұшағын Астанаға қондыруға уәде берген болатын деп хабарлады Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Сағатбек Нұрахметов Sputnik агенттігіне. 

Бұдан шығатын қорытынды, құны 30 миллион доллар ұшаққа байланысты Қазақстан-Украина кикілжіңі шешілмесе де, уақытша тоқтатылды.

Аспан, ұшақ, ақша

Бұл оқиға 2014 жылы ақпан айында Қазақстан Ұлттық ұланының 3656-әскери бөлімшесі мен Харьков мемлекеттік әуе өндірісі кәсіпорны арасында Ан-74Т-200А ұшағын құрастырып жеткізу және әуе персоналын оқыту туралы келісімшарт жасалғанда   басталған болатын. 

Ұшақтың құны 29 миллион 580 мың АҚШ долларын құрады.  Ал, жаздық және иженер-техникалық құрамдарды оқыту бағасы – 420 мың доллар болған еді. Келісім 2015 жылы қазан айында жүзеге асырылуға тиіс болатын, яғни украиналық ұшақ бір жыл бұрын Қазақстанға жеткізіліп, оны қазақстандық пилоттар басқаруы керек еді. 

Бірақ айтылған мерзім ішінде келісім орындалған жоқ. Харьковта жасалып жатқан ұшақ 85 пайызға ғана әзір болғандықтан, Астанаға әкелуге еш мүмкіндік болмады. Келісім бойынша шарттар орындалмағандықтан, Ұлттық ұланының 3656-әскери бөлімшесі Харьков облысының шаруашылық сотына арыз берген.

Бәріне  кінәлі форс-мажор

Келісімшарт мерзімінің аяқталғанша, яғни 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін Украина тарабы келісім шарттарының орындалуына кедергі келтіріп отырған форс-мажорлық жағдайлардың туындағаны туралы сараптама қорытындысын тапсырды. Украина және Ресей БАҚ айтуынша, Ресейде шығарылатын әуе құралдары мен детальдерін Украинаға жеткізу мүмкін болмапты. 

Соңғы екі жылда екі елдің қарым-қатынасы ушығып кеткендіктен, өндірістік қатынастар жойылып, соның салдарынан Украина зауыты ұшақты уақытылы дайындап бере алмаған екен.

24 желтоқсан 2015 жылы қазақстандық әскерии бөлімше Харьков авиациялық зауытымен қосымша келісімшарт жасасып, ұшақтың дайындық мерзімін 2016 жылғы қарашаға дейін ұзартылды. Осындай келісім жасалғандықтан, әскери бөлімше берген арызын украиналық сот қабылдамады.  


26