Ақорда

Елбасы бюджет туралы және трансферт туралы заңдарға түзетулерге қол қойды

23
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңынана, сонымен қатар 2016 жылға арналған кепілдендірілген трансферт көлемін түзетуге бағытталған "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 – 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", — делінген хабарламада.

Заңдар мәтіні баспасөзде жариялануда. 


23