Мұнай өңдеу зауытындағы жұмысшылар

Бозымбаев: ҚР-ның әлемдік мұнай нарығына ықпалын асыра бағаламаған жөн

18
(Жаңартылды 14:39 12.10.2016)
ОПЕК елдері және бұл ұйымға кірмейтін мемлекеттердің ресми емес кездесуіне Қазақстанның Түркиядағы елшісі қатысады.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik.  Қазақстан 12 қазан күні Стамбулда ОПЕК елдері және бұл ұйымға кірмейтін мемлекеттердің Дүниежүзілік энергетикалық конгресс аясындағы ресми емес кездесуіне қатысады деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Сонымен қатар, ҚР әлемдік мұнай нарығына ықпалын асыра бағаламау керектігін мәлімдеді.

"Қазақстанның Түркиядағы елшісі қатысады. Қазақстанда мұнай өндіруді шектеу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ (…) Қазақстанның әлемдік нарыққа ықпалын асыра бағаламаған жөн", — деді Бозымбаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысынан кейін тілшілерге.

Бұдан бұрын Әзербайжан энергетика министрлігінде айтылғандай, кездесу ресми емес форматта мұнай шығару деңгейін шектеу туралы консультация жүргізу мақсатында Алжир, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Габон, БАЭ, Венесуэла, Ресей, сондай-ақ Бразилия, Қазақстан, Әзербайжан, Мексика, Оман елдерінің энергетика министрлерінің арасында өтеді.


18