Құс еті

Қазақстан мен Израиль ҚХР азық-түлік нарығына шығуды көздейді

4
Алматы облысында Қытайға экспорттауға арналған құс етін өңдейтін Қазақстан-Израиль өндірісі құрылмақ.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. Қазақстан мен Израиль Қытайға экспорттауға арналған азық-түлік өндірісін бірлесіп құруға ынталы деп хабарлады "Израиль-Қазақстан" сауда-өнеркәсіп палатасының теңтөрағасы Михаель Роэ.

"Қазақстан мен Израильдің алғашқы зауытының салынуын күтіп отырмыз. Оның бүкіл өнімі жалпы көлемі 10 миллион долларды құрайтын экспортқа бағытталған. Зауыт Алматы облысында салынады", — деді Михаель Роэ.

Оның сөзіне жүгінсек, Қытай Қазақстаннан құс етін экспорттауға қойылған шектеуді алып тастағаннан кейін бір жылдан соң салынады. 

"Қытай – алып мемлекет. Қытаймен шекара ашылғанда, израильдықтар үшін Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеу қызықты болады", — деді палатаның тең төрағасы.


4