Ақша, пара

Жемқорлар 5 жыл ішінде Қазақстаннан Т70 миллиард шығарды

17
47 жемқорға халықаралық іздеу жарияланды, олардың 28-і әр түрлі уақытта Қазақстанға берілді.

АСТАНА, 19 жел — Sputnik. Қазақстаннан соңғы бес жыл ішінде сыбайлас жемқорлық жолымен табылған 70 миллиард теңгеден астам қаражат шығарылды деп хабарлады дүйсенбі күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

"Қазақстаннан соңғы бес жыл ішінде сыбайлас жемқорлық нәтижесінде 70 миллиард теңгеден астам қаражат шығарылды, 47 жемқорға халықаралық іздеу жарияланды, олардың 28-і Қазақстанға экстрадицияланды", — деді Шпекбаев "Жемқорлықты тергеу және қуғындау: халықаралық ынтымақтастық, кірістерді тәркілеу және прокурорлар еркіндігі" тақырыбындағы ЭЫДҰ жемқорлыққа қарсы желісі құқық қорғау органдарының 7-ші отырысы барысында. 

Ол кейнірек тілшілерге бұл соманың 20%-ы қайтарылғаннын айтты. 

"Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жұмысының 2015-2016 жылдардағы нәтижесі бойынша 1800 лауазымды тұлғаның жемқорлық үшін жауапқа тартылғандығы айта аламын", — деді Шпекбаев. 

Келтірілген зиянның жалпы көлемі 48 миллиард теңгеден асады, оның 32 миллиарды қайтарылды. 

17