Парламент үйі

ҚР-ның жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі арта түседі

44
(Жаңартылды 11:42 18.01.2017)
Қабылданған түзетулерге сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджетті басқарудағы өкілеттігі көбейе түседі

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Парламент мәжілісі депутаттары жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөнінде түзетулер жобасын бірінші оқылымда қабылдады, бұл жоба жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін кеңейтеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың мәліметінше, "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жергілікті өзін-өзі басқарудың (ЖӨБ) дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуді,  бюджеттік үдеріс пен коммуналдық меншікті басқарудағы ЖӨБ өкілеттігін кеңейтуді қарастырады.

"ЖӨБ бюджетін жергілікті қауымдастық жиналысында талқылаған соң аудандық мәслихат бекітетін болады. Ал оны орындау ауыл әкімі аппаратына тапсырылады. Осылайша, жергілікті қауымдастықтың мүддесін ескере отырып, бюджеттік шығындарды жоспарлау механизмдері қарастырылады", — дейді министр. 

44
Загрузка...