Экономика

Оқы, оқы және оқы: Қазақстан еңбек нарығын жаңғыртады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуӨндірістегі әйелдер
Өндірістегі әйелдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда барлық елді-мекендер мен бос жұмыс орындары бойынша бірыңғай онлайн платформа құрылады

АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке еңбек нарығын жаңғыртуды тапсырды.

"Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға тиіс", — делінген Елбасының халыққа жолдауында.

Президент үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырды.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
Бастық болсам ғой: Қазақстанда кім қанша ақша табады

"Біздің ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек", — делінген жолдауда.   

Елбасының пайымдауынша, үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлық бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн платформа қалыптастыруы қажет.

Жаңалықтар
0