Экономика

Қазақстанда ипотеканы қаржыландыру мәселесі қолға алынды

© Sputnik / Александр КряжевСкворечник с надписью ипотека
Скворечник с надписью ипотека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы мен Астанада несиенің ең жоғарғы қаржыландыру сомасы 20 миллион теңгені құрайды, ал облыстарда - 15 миллион теңге

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылыс бағдарламасының қаржылық операторы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасын іске қосады.

Баспана - Sputnik Қазақстан
Экономика
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Қолжетімді баспанаға" бөлінген қаржыны толық игермеген

"Нұрлы жер" бағдарламасына сәйкес, банктердің халыққа беретін ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру мақсатында жылма-жыл 10 миллиард теңге бөлінетін болады.

Бұл бірінші баспананы алу кезінде берілетін, жалпы сомасы 120 миллиард теңгедей 8 мың қарызды қамтуға мүмкіндік туғызады. Осылайша, "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру еліміздегі тұрғын үй құрылысын дамытуға қосымша күш береді.

"Ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бойынша бірінші баспананы алу кезінде жылдық ипотекалық мөлшерлеме 10%-ды құрайды. Бірақ қаражаттандыруға дейінгі банк мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржыландыру туралы шешім қабылдаған кездегі базалық мөлшерлемесінен 5%-дан артық аспауы керек", — деп түсіндірді "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Қаржыландыру жылжымайтын мүлік құнының 30% бастапқы жарнасы болған жағдайда 10 жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк басшысы теңге бағамының кенеттен өзгеруін түсіндірді

Алматы мен Астана бойынша несиені қаржыландырудың ең жоғарғы сомасы 20 миллионды құрайды, ал облыстарда — 15 миллион теңге.

Қазіргі уақытта еліміздегі банктермен бағдарлама бойынша қаржыландырылған қарыз беру туралы келіссөздер жүргізілуде. Қазақстан Ипотекалық Компаниясы тарапынан 7 банкпен келісімге қол жеткізілді — Банк ЦентрКредит, АТФ Банк, Сбербанк, Bank RBK, Цеснабанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Tengri Bank.

Жаңалықтар
0